Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингтегі орнын жақсартып алды

Ол – дзюдо тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының финалына (қазақ қыздары арасында) шыққан спортшы. 

Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингтегі орнын жақсартып алды Фото: ҰОК

Будапешттегі жаһандық жарыстан соң Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тізімде италиялық Ассунта Скутта 5962 ұпаймен көш бастап тұр. Ал Қазақстан әйелдер құрамасының дюздошысы Абиба Әбужақынова 2-орынға (5662 ұпай) жайғасқан. Үшінші орын – франциялық Букли Шириннің еншісінде.

Өкініштісі сол, 48 келі салмақтағы тағы бір дзюдошымыз Ғалия Тынбаева 17-орыннан екі саты төмен сырғыды. 

Биылғы әлем чемпионатынан ел құрамасы жалғыз жүлде ғана алды. Қазақстан қоржынына ол медальді жарыстың алғашқы күні-ақ Абиба Әбужақынова салды. Дюздошының бұл жетістігін тарихи медаль деуге әбден болады. Себебі, Абиба Әбужақынова қазақ қыздары арасынан (дзюдо тарихында) тұңғыш рет әлем чемпионатының финалына шыққан спортшы атанып отыр. 

Бұған дейін балуан Жәмила Бақбергенованың және қос каратэші қыз Мөлдің Жаңбырбай мен Әсел Қанайдың әлемдік рейтингте 1-орында тұрғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу