Абылай Мырзахметов: Кәсіпкерлер сенімін алғашқы күннен бастап ақтау керек

1760

Ұлттық палатаның тарихында өңірлік кеңестердің құрамы облыстық бизнес-қоғамдастықтардың тікелей қатысуымен таңдалды. 

Абылай Мырзахметов: Кәсіпкерлер сенімін алғашқы күннен бастап ақтау керек

"Атамекен" ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы өңірлік кеңестердің жаңа құрамымен алғашқы кездесу өткізді, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ұлттық палатаның тарихында өңірлік кеңестердің құрамы облыстық бизнес-қоғамдастықтардың тікелей қатысуымен таңдалды. Кеңеске өңірлік деңгейде өз саласының мүддесін танытпақ болған кез келген кәсіпкер сайлана алды.

"Өңірлік кеңестер құрамының 60%-дан астамы жаңа адамдар екенін атап өтпекпін! Сайлау нәтижесі бизнес-қоғамдастық өңірлерде бизнес дамуына өз үлестерін салуға дайын екенін көрсетті. Өңірлік кеңестердегі 456 орынға 1197 кандидат ұсынылды. Бизнес-қоғамдастықтан 1075 өтінім мақұлданып, дауыс беруге жіберілді. Республика бойынша 1 орынға байқау орта есеппен 2 адамды, ал кейбір өңірлерде 4 адамды құрады. Арнайы vote.atameken.kz сайты арқылы электронды цифрлық қолтаңба немесе SMS-хабарлама арқылы 143 мыңнан астам дауыс берілді", – деп атап өтті Абылай Мырзахметов.

Өңірлік кеңестердің жаңа мүшелеріне қызметте табыс тілей отырып, Басқарма Төрағасы пандемия салдарында өңірлер алдында ауқымды міндеттер тұрғанын атап өтіп, жұмыс мәселелеріне ауысты.

Жиында Алматы қаласы өңірлік кеңесінің төрағасы Ерлан Қуанышев сөз алып, мемлекеттік органдарға тиесілі жер телімдеріне тексеру жүргізуді ұсынды.

"Президент Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту қажеттігі туралы айтты. Өңірлерде ең жақсы нысандарды, ең жақсы ғимараттарды мемлекеттік органдар алып отыр. Мемлекеттік органдар ғимараттарды ғана емес, ғимараттар маңындағы жер телімдеріне де ие екені мен таң қалдырды. Бұл телімдер жалпы қолданысқа немесе бизнеске берілуі тиімдірек емес пе. Әріптестерімді бизнеске беруге болатын жер телімдері мен ғимараттарға тексеру жүргізу туралы мәселені көтеруге шағырамын", – деді Ерлан Қуанышев.

Өз кезегінде Абылай Мырзахметов өңірлік кеңестердің жаңадан сайланған мүшелеріне жұмыс үдерісіне өңірлік деңгейде ғана емес, сонымен қатар жобалық кеңсе жиындарына қатысуға шақырды, онда қаржыландыру және несиелендіру, сатып алу, сондай-ақ өңірлік даму, жер қатынастары, агроөнеркәсіп кешені және ӘКК мәселелері қаралады.

"Шымкентте кәсіпкер көп, бірақ 30 адам ғана өңірлік кеңес құрамына енді. Әрқайсысының қоластында ұжымдары, кәсіпорындар мен адамдар бар. Әр кәсіпкер және әр саланынң мәселелерін жеткізе аламыз деген ойдамын. Сіздер диалог алаңы туралы айттыңыздар ғой, осы диалог алаңында өте күрделі мәселелерді көтеруге тырысамыз", – деп атап өтті Шымкент қаласы Өңірлік кеңесінің мүшесі Қанат Досым.  

 "Кәсіпкерлердің әр сағат, әр минут ақша екенін білеміз. Өңірдегі біздің табысымыз – тауарымызды сатып алып, қызметімізді тұтынатын халық екенін айтқым келеді. Халыққа қызмет етуіміз керек деп санаймын. Бұл кәсіпкерлер мойнына алған үлкен жауапкершілік. Бәрін дұрыс орындап, шығарып, өндіретін болсақ, бәрі жақсы болады", – деп атап өтті Ақтөбе облысы өңірлік кеңесінің өкілі Нұрбек Омаров.

Кездесу соңында Абылай Мырзахметов кеңестердегі жаңа сайланған мүшелерін бизнес қауымдастыққа мейлінше ашық болуға, оның ішінде әлеуметтік желілер кеңістігінде аймақтың өзекті мәселелерін талқылауға белсенді атсалысуға шақырды.

 "Әр ай сайын есеп жасалуы үшін атқарылған жұмысты көрсету керек. Барынша ашық болуға шақырамын, шешімді өздеріңіз қабылдайсыздар әрине, меніңше біз қорқатындай ештеңе жоқ. Әлеуметтік желілерде ашық талқылаулар, тікелей эфирлерді жүргізіп, кәсіпкерлермен тілдесу қажет. Қазір күн тәртібі, өзекті мәселелер қандай екенін анықтап алыңыздар. Әкім орынбасарларын, басқарма басшыларын шақырып, мәселелерді шешуге кірісу керек, кәсіпкерлер жаңа құрамның дұрыс сайланғанын, мәселелер шешіліп жатқанын көруі керек", – деп қорытындылады Абылай Мырзахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу