"Қанға сіңіп кеткен жемқорлық": Айгүл Орынбек қазақ боксының жеңілісіне бас бапкерді кінәлады

1478

Оның жазуынша, спорттың бұл түрін де жемқорлық жаулап алған көрінеді. 

"Қанға сіңіп кеткен жемқорлық": Айгүл Орынбек қазақ боксының жеңілісіне бас бапкерді кінәлады Фото: оlympic.kz / жеке парақшасынан

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек Париж Олимпиадасында бокстан ел намысын қорғаған бокшыларға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол Олимпиада жарысында бокстан жеңіліп жатқанымыздың себебі бас бапкердің кінәсі дейді. Оның жазуынша, спорттың бұл түрін де жемқорлық жаулап алған көрінеді. 

"Президентіміз Азия ойындарынан кейін, спортты жемқорлықтан тазалауға нақты тапсырма берген еді! Ол тапсырма өкінішке қарай орындалмағанын осы ойындардан көруге болады.
Мен және бүкіл қазақ елі бокстың жанкүйеріміз! Дәл осы Олимпиадада бокстан көбірек медаль күткен едік…

Жақында ғана келген Бокс федерациясының басшылығына өкпе жоқ! Барынша лицензия алып беру міндетін атқарды. Ары қарай тактиканы дұрыс жоспарлау бас бапкер Мырзағали Айтжановтың міндеті еді. Спортшыларды алдын ала Европаға апарып адаптациядан өткізіп, психологиялық тұрғыда дайындау керек еді", - дейді Айгүл Орынбек.

Заңгердің жазуынша, Өзбекстан елінің бас бапкері Тулкин Киличев спортшыларын алдын ала екі апта бұрын Еуропаға барған.

"Ал біздің бас бапкер Олимпиадаға баратынын біле тұра чемпиондарды сол баяғы “Алматау” да дайындап, енді міне нәтижесі! Европада қонақ үйлерден, тамақтан ақша жей жымқыра алмайтын болған соң, “Алматауда” жаттықтырдыңдар ма?

Спортсмендерді кінәламаймын, оларға календарьды алдын ала бас бапкер сызып береді! Қанға сіңіп кеткен жемқорлық, спортшыларымыздың еңбегін жоққа шығаратын болды…

Шымкенттік Мақмұт Сабырханды өз салмағында неге шығармадыңыз Айтжанов мырза? Баланың обалы сіздің мойныңызда!", - деп жазды ол. 

Сонымен қатар ол Антикор төрағасы Асхат Жұмағалиге Олипиададан кейін бір тесеріс керек екенін меңзеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу