Шоу президент Дональд Трамптың 14 маусымда атап өтетін 80 жылдық мерейтойына мен АҚШ-тың 250 жылдығына орай ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Америка көшбасшысы билеттердің көбін таратуды өзі бақылап отыр. Ең жайлы орындар үшін демеушілер 1 миллион доллардан аса қаржы төлеуге дайын екені айтылады.
UFC жұлдыздарының төбелесі "тарихтағы ең шулы оқиғалардың бірі" ретінде қарастырылады. NBC News басылымы билеттерге деген сұраныстың өте жоғары екенін жазды. Шақырту алуға қатысты өтініштер сәт сайын әкімшілік қызметкерлеріне және UFC басшылығына түсіп жатыр.
Ұйымдастырушылар октагон маңына шамамен 4000 көрерменді орналастыруды жоспарлаған. Бұған дейін оның саны 5000 деп болжанған болатын. Билеттердің басым бөлігін әскери қызметкерлерге, саяси одақтастарына, әкімшілік өкілдеріне, кәсіпкерлер мен шетелдік қонақтарға Трамптың өзі таратуда.
Турнирге кіру тегін болса да, ринг маңындағы орындарға отыру қымбат демеушілік пакеттермен байланысты саналады. Дереккөздер кейбір ұсыныстың құны 1 миллион доллардан асып кеткенін, ал жекелеген пакеттер 1,5 миллион долларға бағаланғанын жеткізді.
Шоу үшін алып 90 футтық конструкциясы мен сегіз бұрышты рингі бар арнайы арена салынуда. Сахна элементтері Пенсильвания штатында құрастырылады, сосын ғана Вашингтонға жеткізілмек.
Ақ үй аумағындағы көрермендерден өзге, ұйымдастырушылар президент резиденциясының оңтүстігіндегі Эллипс алаңында 85 мың адамды қонақ қылуға дайын. Ол жерде жекпе-жектер үлкен экрандар арқылы көрсетіледі. Онлайн трансляцияны Paramount+ платформасы ұсынады деген жоспар бар.
Бұған дейін Трамптың туған күнінде Макгрегор, Уайт, Чендлер секілді UFC жұлдыздары төбелесетінін жаздық.