"Акция жүріп жатыр" деп алдап соққан

976

Жамбыл ауданы, Аса ауылының тұрғыны Мейрамкүл Затыбекова бес жыл бұрын өз атына алаяқтық жолмен рәсімделген 2 миллион теңге несиенің дауын әлі шеше алмай жүр.

"Акция жүріп жатыр" деп алдап соққан Фото: inbusiness.kz

Бұл жағдай 2019 жылдың қаңтар айында болған. Алаяқтардың акция жүріп жатыр деп талай адамды сан соқтырған. "Үлкен көлемде бонус аласыз" дегенге сеніп, бір емес екі бірдей екінші деңгейлі банкке қарыз болып қалған Мейрамкүл Затыбекова бес жылдан бері заңсыз төлеген кредиттердің қаржысын қайтарып ала алмай дал.

Оның атынан "Еуразиялық банк" пен "Банк Хоум кредит" акционерлік қоғамдары арқылы рәсімделген 2 миллион теңгені алаяқтық жолмен иемденгендердің ісі дәлелденсе де, әлі күнге несие төлеп келеді.

"Тараз қаласының тұрғыны Раушан Адилова деген әйел "акция жүріп жатыр бонус аласыңдар" деп алдымен балаларымды, күйеуімді, туған-туысымды алдап, сеніміне кірген. Мені құжаттарға қол қою керек деп шақырды. Олардың бізді алдап соққанын кеш білдік. Кейін тиісті органдарға шағымданып, бұл істің алаяқтық екені дәлелденсе де, банктер ай сайын айлығымнан ұстап қалып отырған кредиттің қаржысын қайтарып ала алмай келемін", – дейді Мейрамкүл Қабылбекқызы.

Алданып қалғанын білген соң, зардап шегушілер облыстық полиция басқармасының Тараз қалалық №1 полиция бөлімшесіне барып арызданған. Бүкіл айғақты қолымен ұстатқандай етіп апарып өткізген.

Арыз берген полиция бөлімшесінің басшысының және тергеушілердің, облыстық прокуратураның "анықтадық, алданғандары рас" деген хаттары да бар. Алаяқтардың "біз сіздерді пайдаландық енді несиені өзіміз төлейміз деген деген аудиожазбаларын және заттарыңды қайтарамыз деген видиоларының бәрін Тараз қаласындағы 2-ші сотқа апарып өткізіпті.

 "Сотқа дейін еш тиіспейді айлықтарыңнан ұстап, бұғатта қойылмайды деп берген хат берген. Онысы да өтірік болып шықты. Қанша рет банктік карталарымыз бұғатталды. Айлық жалақымыздан ұстап қалды. Біз бүкіл айғақты қолымен ұстатқандай етіп апарып өткіздік. Сот болды алаяқтар Маргарита Герман, Бахиджон Қазиев тағы басқалары жазаларын өтеуде. Сот біздің ақшаларымыздың жартысын, мысалы маған екі миллион рәсімдеген ол жерде 1миллионды мойындарына бөліп салған. Жолсейтов деген тағы біреуі өзіне бөлген ақшаны қайтарды. Атқару парағын Сот орындаушыларға апарып өткіздік. Бірақ ай сайын ұстап қалып жатқан және басқа қаржыны әлі күнге өндіріп бермей келеді", – деген шағымын айтты алданған тұрғын.

Сот орындаушылар "олардың атына тіркелген мүлік жоқ, еш жерде жұмыс істемейді, ештеңе жоқ жұмыста істемейді, біз қаржыны қалай өндіріп береміз", деп жауап берген. Тіпті "біздің жұмыс ұнамаса басқа сот орындаушыға өткізсеңіздер болады" деген кеңес те айтыпты.

"Маған Хоум банк" алдау жолымен сізге үй беріліп жатыр, үй құжаты бармай, отказ болып тұр", деп алдау жолымен 300 мың теңге аудартты, оны процентке қарызға алып едім, өсіп кетіп оңбай күйдім. Ол арызым да мүлдем қаралмады. Бізді алдап апарған Раушан Адилова және менеджерлерді ешбір іске қоспады. Біздің сұрайтынымыз Раушан Адилованы және менеджерлерді іске қосып алмаған затымыз үшін төлеген ақшаларымыз қайтарып әділ шешім шығарып берсе екен", – дейді алаяқтарға алданып қалғандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу