Әкімдерді бағалау: Даниал Ахметовтің рейтингі "минусқа кетіп қалды"

4140

Ел арасында akimy.kz деген мобильді қолданба кең таралып келе жатыр. 

Әкімдерді бағалау: Даниал Ахметовтің рейтингі "минусқа кетіп қалды"

Ол мобильді қосымшаның өзінде жазылғандай, елдегі барлық деңгейдегі әкімнің жұмысын "бағалауға" арналған. Кез келген азамат мұны жүктеп алып, қалаған әкіміне лайк немесе дизлайк баса алады.

Сонымен облыс әкімдері арасында ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің рейтингі "желіні жарып жатыр" деуге болады. Ахметов әріптестерінен әлденеше есе кейіндеп қалып, 600-дің үстінде – лайк, үш мыңнан астам – дизлайк жинап отыр.

Қолданбаның 2 ақпан, сағат 17:30-дағы бағалауынша, Ахметовте баллы – (минус) 491.60 болып отыр.

Оның алдында жақында ғана халық отставкаға кетуін талап етіп, петиция жариялаған, бүгінде әкім қызметінен алынған – Бақытжан Сағынтаев.

Соған қарамастан Сағынтаевтың рейтингі әлдеқайда жақсырақ (-28.60 балл).

Айтпай кетуге болмас, Ахметовтің қоластындағы қызметкерлердің ішіне үңілсек, Жақсылық Омар "бастығынан" асып кетіпті. Оныкі – (минус) 949 балл.

 

Рейтингтің басында: Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов (348 балл), Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев (38.80 балл) және Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақалов (6.60 балл).

Рейтинг соңында: Даниал Ахметовтің алдында Алматы қаласының экс-әкімі Бақытжан Сағынтаев (-28.60 балл) пен Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов (-19.40).

P.s. Мобильді қосымша биыл іске қосылған. "Жаңа Қазақстандағы" алғашқы айдың қорытындысында әкімдердің "жағдайы" әзірге осындай.

Айта кетерлігі, осыған дейін Даниал Ахметов наразылықтар кезінде неге ел алдына шықпағанын жазған болатынбыз.

 

Тасқын Болатұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу