Оның жауабында халық Даниал Ахметовті алаңға шақырған-шақырмағаны айтылмайды.
Десе де, Ахметов өзге облыстардағы әріптестерінен қалып, наразы топпен ауызба-ауыз тілдеспеуіне не себеп?
"Д.К. Ахметов санкцияланбаған митингілер мен тәртіпсіздіктердің барлық кезеңінде өңірлік жедел штабтың жұмысын тікелей басқарып, барлық қызметтердің іс-әрекеттерін үйлестірді", – деп жалпылама айтады Азамат Мұхамедчинов.
Бұл орайда Ақтөбе әкімінің Руслан Хамбаров турасын айтқанын еске саламыз. "Ақтөбе әкімі митингке шыққан жоқ. Біріншіден, ешкім тыңдамады. Екіншіден, жеке қауіпсіздік деген нәрсе бар. Ол жаққа шықса, адамды ұрып-соғады дегендей. Мен бұл өте дұрыс емес қадам деп санаймын", – деген Хамбаров https://qaz.ulysmedia.kz/aimak/3036-aktobe-oblysynyn-kimi-otstavkaga-ketu-turaly-petitsiiany-oiynga-balady/.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев та алаңға шықпаған. Қазір оны отставкаға жіберу туралы петицияға қол жинау жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, митингтен тікелей эфир жүргізген және сол үшін айыппұл алған блогер Александра Осипова "халық Даниал Ахметовті алаңға шақырды" дейді.
Тасқын Болатұлы