Ақмарал Ерекешева Гран-при кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

211

Қазақстандық гимнаст жарысты жалпы бес медальмен аяқтады.  

Ақмарал Ерекешева Гран-при кезеңінде алтын медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз жекелей көпсайыста екінші орын иеленіп, жекелей жаттығулар бойынша төрт финалға шықты.

Шығыршықпен орындалатын жаттығуда Ақмарал 29.150 ұпай жинап, алтын медаль еншіледі.

Ал доппен орындалатын жаттығуда 28.000, ұршықтар бәсекесінде 29.050 және таспамен орындалатын жаттығуда 27.600 ұпай жинап, үш күміс медальға ие болды.

Осылайша, Ақмарал Ерекешева Брнодағы Гран-при кезеңін бір алтын және төрт күміс медальмен аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу