АҚШ Таяу Шығысқа 300-ден аса әскери ұшағын орналастырды

Күні кеше ғана АҚШ-тың Иранға қарай 150 ұшақ жұмылдырғанын жазған едік.

АҚШ Таяу Шығысқа 300-ден аса әскери ұшағын орналастырды Фото: ТАСС

Бүгін ел Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) жауапкершілік аймағындағы әуе күштерін едәуір күшейткені белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Анадолу агенттігінің жазуынша, өңірге 300-ден аса әскери ұшақ орналастырылған.

Әлбетте, мұның бәрі Иранмен қарым-қатынастың шиеленіскенімен байланысты болып отыр.

Америкалық жойғыш ұшақтар мен әскери авиация негізінен Катардағы әл-Удейд, Иорданиядағы Муаффак әл-Салти және Сауд Арабиясындағы Сұлтан ханзада әуе базаларында шоғырланғаны жайлы ақпарат тарады.

Сондай-ақ, аймақта USS Abraham Lincoln және USS Gerald R. Ford бастаған соққы беру тобы да орналасқан. Бұл ұшақ тасығыштары әуе операцияларын жүргізуге және ықтимал қауіп-қатерге жедел іс-әрекет етуге мүмкіндік береді.

Сарапшылар "мұндай ауқымды әскери күшейту – аймақтағы жағдайдың ушығуына байланысты тежеу әрі дайындық шарасы" деп есептейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу