АҚШ Түркияға салған санкцияларын алып тастамақ

464

Бұл туралы Ақ үй басшысы Дональд Трамп Анкарада мәлімдеді.  

АҚШ Түркияға салған санкцияларын алып тастамақ Фото: Reuters

Сонымен қатар НАТО-дағы одақтасы F-35 жойғыш ұшақтарын сатуға дайын екенін білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ол бұл шешімін "Достарға санкция салғымыз келмейді" деп түсіндірді. Құрама штаттар Түркияға 2019 жылы Ресейден С-400 әуе қорғаныс жүйелерін сатып алғаны үшін шектеу шараларын енгізіп, Анкараны F-35 жойғыш ұшақтары бағдарламасынан шығарып тастаған еді.

АҚШ президентінің Түркияға жасаған сапарында Трампты Режеп Тайып Ердоған әуежайда салтанатты рәсіммен қарсы алды. Онда атқа мінген түрік сарбаздары Трамптың кортежін президент сарайына дейін шығарып салды.

Сарапшылар: "Вашингтон мен Анкара арасында әскери ынтымақтастықты қайта жандандыру мүмкіндігі пайда болды", – деп отыр.

Айта кетейік, кеше Түркия астанасы Анкарада НАТО саммиті өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу