Александр Винокуровтың ұлы жол апатына ұшырады

548

Велоспортшы көлікпен соқтығысып қалған. 

Александр Винокуровтың ұлы жол апатына ұшырады Фото: XDS Astana

Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың ұлы кіші Александр Винокуров әкесінің жолын қуып, кәсіби велоспортпен айналысады. Ол XDS Astana Development Team командасының мүшесі.

Александр Грекияда жарыс сериясына дайындық барысында өткен жаттығу кезінде жол апатына ұшырады. Ол бұрылыс тұсынан кенеттен шыққан автокөлікпен соқтығысып қалды.

"Қазіргі уақытта спортшының жағдайы тұрақты. Команда оған қажетті барлық қолдауды көрсетуде және тез сауығып кетуін тілейді",  деп мәлімдеді XDS Astana командасының баспасөз қызметі.

Медициналық тексеру нәтижесінде спортшының оң жақ жамбасы сынғаны анықталды. Жақын күндері оған ота жасалады. Содан кейін Александр Францияға жеткізіліп, оңалту кезеңінен өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу