Тартысқа толы матчта Аргентина Англияны жеңіп, әлем чемпионатында қатарынан екі мәрте финалға шығып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аргентиналық футболшылар осыған дейін 1978, 1986, 2022 жылдары жеңімпаз атанса, 1930, 1990, 2014 жылдары күміс жүлдеге қанағат тұтты.
Ал Англия құрамасы 1966 жылы ғана әлем чемпионы атағын жеңіп алған. Одан кейін тек 2014 жылы төртінші орынға тоқтады.
Қос құрама арасындағы бірінші таймда есеп ашылмады. Ойынның 55-минутында англиялық Энтони Гордон мергендігімен танылса, бұл голға Энцо Фернандес 85-мунутта лайықты жауап қатты. Есеп – 1:1. Нағыз ойын енді басталды. Ұрымтал сәттің бірінде (92-минутта) аргентиналық Лаутаро Мартинес кездесу тағдырын шешіп кетті.
Осылайша, Аргентина қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
J тобында сынға түскен аргентиналық футболшылар Аустрияны 2:0, Алжирді 3:0, Иорданияны 3:1 есебімен қапы қалдырып, 9 ұпай еншілеп, бірінші орынмен шықты. Одан соң Кабо-Вердені қосымша кезеңде 3:2, Мысырды 3:2 есебімен жеңсе, 1/4 финалда Швейцариядан қосымша кезеңде 3:1 есебімен айласын асырды.
Бұған дейін Испания құрамасының Францияны 2:0 есебімен қапы қалдырғанын жаздық.
Енді финал мен 3-орын үшін тартысты кездесу 19 шілдеге белгіленген.