/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 25 771,89 РТС 1 386,20
FTSE 100 6 796,40 KASE 2 302,72
Hang Seng 26 108,28 Brent 50,46
Әлем киберқылмыстар салдарынан шығынға ұшырайды

Әлем киберқылмыстар салдарынан шығынға ұшырайды

Шығын көлемі 2 трлн доллардан асып түсуі мүмкін.

18 Маусым 2019 19:19 9266

Әлем киберқылмыстар салдарынан шығынға ұшырайды

Автор:

Фархат Әміренов

Германиялық Munich Re Group қайтасақтандыру компаниясының хабарлауынша, 2019 жылы киберқылмыстан келетін шығын көлемі 2 трлн доллардан аспақ. Ал киберсақтандыруға жұмсалатын шығындар 7,5 млрд доллардан асып түспек. Сондықтан 2020 жылға қарай киберсақтандыру нарығының аумағы кеңея түседі деген болжам бар.

«Киберсақтандыру – сақтандыру нарығында қарқынды дамып келе жатқан саланың бірі. Кибершабуылдардың түрлері өте көп. Олар сервистік жұмысты істен шығаратын шабуылдардан бастап, қауіпті бағдарламалар мен вирустарды таратумен жалғасады. Тіпті, бопсалау фактілері де тіркеліп жатады. Шабуылдарды бірден анықтау мүмкін емес. Сондықтан кибершабуылдардан сақтандыру қажет», – дейді сақтандыру нарығының сарапшысы Нұрмұхамед Төлбаев.

Оның айтуынша, қазақстандық компаниялар электрондық алаяқтықпен, кибертерроризммен, хакерлік шабуылдармен әлі бетпе-бет келе қойған жоқ. Дегенмен, бірқатар отандық банк клиенттерінің шоттарынан қаржы жымқыру фактілерінің тіркелгенін жақсы білеміз.

«Қазірдің өзінде киберқылмыскерлер өз белсенділіктерін арттырып отыр. Ал біздің нарықтың олар үшін қашан тартымы болары әлі белгісіз», – дейді сарапшы.

Фархат Әміренов

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Президент еліміздің болашақ тұрғындарына хат жазды

Бұл оқиға «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» он жылдық мерейтойына арналған салтанатты рәсімде орын алды.

01 Желтоқсан 2018 14:16 2023

Президент еліміздің болашақ тұрғындарына хат жазды

Фото: akorda.kz

Назарбаев университетінде ұйымдастырылған «Ұлы дала мұрагерлері» атты оқушылар мен ұстаздар құрылтайында шәкірттер мемлекет басшысына «уақыт капсуласын» ұсынып, оның ішіне салу үшін 2068 жылы «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» табалдырығын аттайтын жас ұрпаққа хат жазып беруді өтінді. 

Нұрсұлтан Назарбаев еш ойланбастан, қаламсабын алып, арнайы дайындалған қағазға келешектегі қазақстандықтарға үндеуін түсірді. Ізінше онда не жазылғанын да өзі оқып берді.

«Бұл хат 2068 жылғы оқушыларға арналады. Сіздер бұл кезде жастық дәуренді бастан кешудесіздер. Сіздердің бұл замандарыңыз жаңа технологияларға құрылған, адамдар 100-120 жылдап өмір сүреді», – деп қысқаша таныстырған елбасы қазіргі жастар да, Алла жазса, ол кезде сол хатты ашып, мазмұнымен таныса алатынын атап өтті. Өйткені арада елу жыл бар.  

Сонымен бірге Қазақстан президенті бұл хатты оқи алудың бір шарт-талабын да қоса айтты:

«Сіздер бұл хатты міндетті түрде сақтаңыздар. Қараңыздар, біреу алып кетпесін!» – деп әзілдей нұсқады Нұрсұлтан Назарбаев, болашаққа арнаған тілегі құты-капсулаға салынғаннан кейін.

Әрине, елу жылда ел жаңа. Осы уақыт бойында Қазақстан озық елдермен үзеңгілес дамымаса, өркениет көшінің соңында, даму даңғылының жиегінде қалып қояды. Бұл ретте аға ұрпақ елді тәуелсіздікке жеткізсе, енді оны ілгері сүйрейтін жас ұрпақ болады. Ал оларға өзге елдермен ғана емес, роботтармен де қатаң бәсекелесуге тура келмек.

Индустрия 4.0, «ауқымды деректер», жасанды интеллект және робототехника сияқты цифрландыру мен технологиялардың қарқынды дамуы жұмыспен қамту саласына түбегейлі өзгерістер әкеледі. Сарапшылардың бағалауынша, 2025 жылға дейін шамамен жұмыс орындарының 4%-ы немесе 140 млн-ы жойылып кетуі мүмкін. Ал 80-90%-ы немесе шамамен 3 миллиард жұмыс орны күрделене түспек.

Бұл жаңарулар бизнес пен өндірістің бейнесін де адам танымастай өзгертеді.

«Бізге экономика дамуының оң үрдісін сақтап қалу және дамудың жаңа бағыттарын анықтау өте қажет. Цифрландыру жаппай белең алуда, ол біздің елге де дендей енді. Осыған орай «Цифрлық Қазақстан» атты арнаулы мемлекеттік бағдарлама қабылдап, белсенді іске асыруға кірістік. Қазір бизнес цифрлық технологиялармен жұмыс жасай алатын жаңа тұрпатты мамандарды талап етеді. Бұдан бөлек, биоинженерия, роботтандыру алға озуда. Сондықтан біз сіздерді мектеп партасынан бастап, сол өзгерістерге дайындауға тиіспіз!» – деді президент.

Ол қазақстандық оқушылардың білім ордасы қабырғасында жүріп, өз істерін ашуы, стартап жобаларын жүзеге асыруы, цифрландыру және жаңа технологиялар салалаларындағы мүмкіндіктерін паш етуі қатты сүйсінтетінін жеткізді.

«Алдағы 10-15 жыл үдерінде жасанды интеллект, автоматтандыру сіз бен біздің өміріміздің бөлінбес бөлшегіне айналады. Қазір тек Азияда ғана 5 миллион бала роботты техниканы терең игеруде. Тағы 15 миллион жас өскін ІТ-технологияларды зерттеуде. Олар болашаққа табысты дайындалуда. Өйткені жасанды зерде мен роботтар қазіргі жүздеген кәсіптерді жойып, оның мамандарын алмастырады», – деген елбасы бұл жаһандық аламанда қазақ елінің шаң қауып, артта қалуына құқығы жоқ екенін нықтады.

«Жаңа технологияларды ілгерілетуіміз керек. Әлем күн сайын жетілуде. Ұдайы тың өнертабыстар пайда болуда. Ал біз болсақ, оларды қадағалап үлгермей жатырмыз. Әрбір үш-бес жылда жаңа кәсіп түрлері туындайды. Сарапшылар байламынша, 2030 жылға қарай компьютерлер 400-500 миллион жұмысшыны алмастырады, 275 миллион адам өз кәсіптерін ауыстырып, жаңа дағдыларды меңгеруге мәжбүр болады. Сіздер көліктер көшелер үстімен ұшатын, ғарышқа жеке меншік ғарыш кемелерімен саяхаттайтын әлемде өмір сүретін боласыздар. Демек, сол қайнаған өмірдің ортасынан табылу үшін қазірден қапы қалмай, даярланып, заманауи технологияларға машықтана беріңіздер!» – деп түйді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, мемлекет басшысы бір құпия сырдың шетін ашып, роботтардың да қолынан не келмеуі мүмкіндігін айтты. Бірақ бұл артықшылықты пайдалану үшін қазақтар байырғы бабалардан келе жатқан шешен сөйлеу өнерінен айырылып қалмауы керек.

«Эмоционалды интеллект – тұлғаның бәсекеге қабілеттілігінің ең бір маңызды қасиеті. Жасанды интеллект барлық жерде адамды ауыстырады деп айтамыз. Бірақ шынайы адами сезімді, эмоцияларды ешқандай машина алмастыра алмайды. Көшіруі ықтимал, бірақ ол бәрібір шынайы болмайды. Біз, адамдар, өзгені сендіре білу, сөзбен жығу, аяушылық білдіру, жұбату, басқаны тыңдай білу, тағат-төзім таныту қабілеттерімен айырылып қалмауға тиіспіз. Бар жерде машина жайлаған ғасырларда бұлар тіпті ең үздік техникалық мамандар машығына қарағанда, анағұрлым көп сұранысқа ие болмақ. Адамдардың басын біріктіре білу, өз соңынан ерте алу болашақтағы еңбек нарығында айрықша құндылыққа айналады», – деп түйді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бақыт Көмекбайұлы

Қазақстандағы интернет-сауданың жайы мәз емес

Ресейдің сауда компаниялары қазақстандық интернет-нарықты fashion-ритейлмен жаулап жатыр.  

21 Қараша 2017 12:36 4827

Қазақстандағы интернет-сауданың жайы мәз емес

2017  жылы люкс сегментінің өкілдері белсенді болды. Бұл күтпеген жағдай еді, өйткені құны ортадан жоғары тауарды офлайн сатқан оңай. Дегенмен бәсекелестіктің басым бөлігі mass market-ке тиесілі.

Интернет-дүкендерді әзірлейтін Ilab компаниясы басшысының айтуынша, Ресейдің интернет-сегментінде бір жыл бойы қарқынды өсу болмаған. Сондықтан ресейлік компаниялар ЕАЭО-ға құрамындағы басқа елдердің, оның ішінде Қазақстанның нарығына кіруге тырысып бағуда. Тап қазіргі уақытта нарыққа kz доменімен жиырмаға жуық ресейлік компания шықты, оның көбісі Fashion сегментінде жұмыс істеп жатыр. Интернет-сауда нарығынан ресейліктердің алып отырған үлесі  ақшаға шаққанда шамамен 15%, оның ішінде Fashion сегменті 70%. Қазақстан интернет-бизнес қауымдастығының болжамы бойынша, 2017 жылы интернет-сауда нарығы 1,3-1,4 млрд доллар болады, яғни нарықтағы ресейлік компаниялардың үлесі орташа есеппен алғанда 195-210 млн долларға жетеді, бұл Fashion сегментінде 38,9-41,9 млрд теңге. Forbes.kz мәліметі бойынша, 2016 жылы тек бір Lamoda компаниясының жалпы пайдасы 38 млн доллар болған.

«Ресейден Қазақстанға келген е-commerce-жобалары өз нарығындағы барлық негізгі процестерді орындап, өзінің орны мен нарықтағы үлесін алу үшін біздің елге келген дайын инвестициялық ірі жоба. Компаниялар бастапқы кезде тек жеткізумен айналысқан, содан кейін жергілікті нарықта өкілдіктері мен үлестіретін орталықтарының хабын ашты», – деп түсіндірді  pinklabel.kz-тің маркетинг жөніндегі директоры Ольга Ли.

Оның айтуынша, франшизалық брендтер нарықтағы үлесін жоғалтып алған. Lamoda, Wildberries сияқты брендтер Ресейде үлкен көлемді сауданы іске асырады. Бұл компаниялар өзінің корпоративтік байланыстарының арқасында Қазақстанда тауарларын төмен бағада ұсынып жатыр, бұдан сатып алушылар ұтты, жергілікті кәсіпкерлер ұтылды. Сонымен қатар теңгенің құнсыздануы ресейлік интернет-дүкендердің тауарын біздің нарықта бәсекеге қабілетті етті.

Ilab компаниясының бас директоры Владимир Денисовтың сөзінше, қазақстандық сауда компанияларының ресейлік интернет-кеңістікте ұтылуына қызмет көрсету сапасының төмен болуы мен логистика проблемасы басты себеп болып отыр.

«Ресейде тапсырыс жасағанда, оны үлестіру желісі арқылы  дәл сол күні жеткізуге тырысады. Мәскеуде үлестіру сауда алаңдары мен қоймалардың есебінен курьерлік жеткізу арқылы үш-төрт сағат ішінде жасалады. Қазақстанда тауарды тапсырыс бергеннен соң бір күннен кейін әкелсе, соған қуанасың. Қазақстандық дүкендер бәсекеге қабілетті болу үшін клиентке бағдарланған болуы қажет», – деп түсіндірді ол.

Владимир Денисов ресейлік компаниялар бәсекеге қабілеттілігімен ерекшеленетінін атап көрсетті. Мысалы, егер клиент Lamoda компаниясынан аяқ-киім сатып алып, оның сапасы нашар болса, оны 30 күн ішінде қайтара алады. Сонымен бірге сатып алушыға керек аяқ киімді таңдап алу үшін бес аяқ-киім әкеледі. Осындай қызметті ұсыну арқылы ресейлік компаниялар клиенттерді тез тартады.

Интернет-сауда саласында басқару және сауда жөніндегі сарапшы Артем Кривцов e-commerce саласындағы білікті мамандардың дені ресейліктер екенін алға тартты. Сарапшы Қазақстан нарығында сайт жасау бойынша сапалы қызмет көрсете алатын компаниялар аз екеніне тоқталып, Қазақстан нарығы Ресей нарығынан кішкентай дегенді айтты.

«Мысалы, сіз киім сатқыңыз келді дейік, – деп түсіндірді Артем Кривцов. – Қытайлық жеткізушіге хабарласып, сіздің дүкеніңіз 17 млн халқы бар Қазақстанда орналасқанын және сіздің ықтимал клиенттеріңіз 1,7 млн адам екенін айттыңыз. Содан кейін ресейлік өкіл келіп 18 млн адамды, оған қоса Қазақстандағы 1,8 млн адамды қамтитынын айтады. Жеткізушіге кіммен жұмыс жасаған тиімді? Әрине, ресейлік бизнесменмен. Сондықтан көптеген ресейлік компаниялар Қазақстан нарығына шықты. Оған қоса, Еуразиялық одақ құрылды да, кедергілер жойылды».  

Ресейлік интернет-компаниялардың тағы бір басымдығы олар қосалқы құн салығын (ҚҚС) төлемейді. Владимир Денисовтың ойынша, интернет-кеңістікте нарықтың үлесін сақтап қалуға көмектесетін және ақшаны елде қалдыратын тиімді тәсіл – саудамен айналыстан қазақстандық интернет-компанияларды корпоративтік кіріс салығынан (ККС) босату болып табылады. Жаңа салық кодексі жобасында осындай түзету бар. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Руслан Даленов жаңа салық заңнамасын таныстыру барысында айтты. Оның айтуынша, интернет-бизнесте 5жыл жұмыс істеген компаниялар ККС-дан босатылады. Бұл электронды сауданы арттырады және оны заңды жолға қояды.

Гүлназ Ермағанбетова, Римма Гахова

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Жаңалықтарға жазылу: