Әлемдегі экономикасы ең төмен елдер

68437

Барлық кедей елде өмір сүретін 110 миллион адам күніне 1 доллармен өмір сүрсе, 3,4 миллиард адам күніне 2 доллармен өмір сүреді.

Әлемдегі экономикасы ең төмен елдер

2019 жылы БҰҰ-ның мәліметі бойынша, әлемде бір айда аштықтан 750 000 адам көз жұмады. Барлық кедей елде өмір сүретін 110 миллион адам күніне 1 доллармен өмір сүрсе, 3,4 миллиард адам күніне 2 доллармен өмір сүреді. Тұрмысы  жоғары мен кедей отбасының айлық табысы жер мен көктей. ЖІӨ көрсеткіші 765 доллардан төмен елдер кірісі аз мемлекеттер қатарына жатады. 2019 жылдың бірінші жартысындағы қортынды бойынша,  мұқтаждық күйін кешкен әлемдегі экономикасы ең төмен елдердің қатарына көз жүгіртсек.

Либерия– ЖІӨ адам басына шаққанда 680$. 1990 жылдан бастап кедей мемлекеттердің көшін бастап келеді. Жұмыссыз жандар халықтың  85%- ын құрайды. Экономикалық құлдыраудың, кедейлердің себебі үздіксіз азаматтық қақтығыстар болды. 1980 жылы Либерия мемлекеттік төңкерісті бастан кешірді, одан кейін экономикалық жағдай айтарлықтай нашарлады. Содан бері 150 мыңнан астам адамның өмірін жалмаған азаматтық соғыстар болды. Ел экономикасының басты кірісі- шетелдік соттардың елдің мемлекеттік туын пайдаланғаны үшін алынатын баж салығы. Экспорт тауарларыныңі азаюы, елдегі инвесторлардың жұмысын тоқтатуы, заңсыз алмас тасымалы мен 1990 жылғы азамат соғысы кезіндегі тонау мен қирату ел экономикасын тізерлетіп кетті. Елдің жалпы қарызы ЖІӨ қарағанда әлдеқайда жоғары.

Конго – халық саны 77,433 млн адам. Жан басына шаққанда  ЖІӨ 648доллар. Орталық Африкадағы Конго Республикасы әлемдегі экономикалық жағдайы жағынан ең кедей мемлекет. Елдегі валютаның құнын жоюы, азаматтық соғыстар мен қарулы қақтығыстар, 1998 жылғы мұнай бағасының төмен құлдырауы ел экономикасын ең төменгі дәрежеге жеткізді. Конго елі тәуелсіз ел болғанымен ашаршылық, адамдардың ерте өлімі өте көп. Сондықтан халық жақсы өмірдің болатынына сенуден қалған. Ел әлсіз дамыған, әлі күнге дейін оның аумағында каннибал тайпалары кездеседі. Экономика өндірілетін шикізаттың (алмаздар, тантал, кобальт) бағасына байланысты және нарықтағы құн өзгерген кезде ауытқиды. Ал әйелдер табысты банан жемісін кептіріп табады.

Бурунди–  халық саны 2,293 млн адамды құрайды.  ЖІӨ адам басына шаққанда 642 доллар. Бурунди 1971 жылдан бері әлемдегі ең кедей елдер қатарына кіреді. Бурунди ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндігі бола тұра, әлемдегі кедей мемлекеттердің көш басында тұр. Бурунди әскери қақтығыстарды бастарынан көп өткізді. Кедей азаматтар осындай аласапыран уақытта да жандарын пида етті. Нәтижесінде жүздеген мың адам қаза тапты. Бұл елде  37000 адамға орташа есеппен 1 дәрігерден келеді. Басқа да білікті кадрлар жоқтың қасы. Бурунди елін қолдау үшін АҚШ, Ұлыбритания сынды экономикасы дамыған елдер миллиардтаған доллар жұмсайды.

Гвинея-Бисау– ЖІӨ жан басына шаққанда 600 доллар. Гвинея- Бисау кедейлігі бойынша 172-орында тұр. Ауыл шаруашылығы мен балық аулау ел экономикасының негізгі салалары. Кіріс мөлшері мемлекеттің әр тарапында әр түрлі. Халықтың 10 пайызға жуығы ЖҚТБ вирусынан зардап шегеді. Халықтың орташа өмір сүру жасы- 50 жас. Халық кедейліктен тек балық аулап жеуге мәжбүр.

Орталық Африка Республикасы – халық саны 5,057 млн адам. Әлемдегі кедей мемлекет ретінде 171 орында тұр. Жан басына шаққанда ЖІӨ 391доллар. Ауыл шаруашылығы тұрақсыз экономиканың негізі болып табылады. Орташа жас ұзақтығы 43,46 мен 43,62 жас аралығында. Халықтың 13,5 пайызы ЖҚТБ вирусынан зиян шегушілер. Бұл халықтың кедей және қорғалмаған топтары зардап шегеді. ЖҚТБ жұқтыру деңгейі 7% - дан асады. Сауаттылық-48%.

ОА халықаралық ұйымдарының болжамы бойынша таяу 10 жылда Орталық Африка Республикасы әлемнің ең кедей елдерінің бірі болып қала бермек. Бірақ елде табиғат ресурстары бар. Халық көбіне ауыл шаруашылығымен айналысады.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу