Әлихан Смайылов Үкімет басшысы болып қайта тағайындалды

3160

Оның кандидатурасын Парламентте көп мандатқа ие "AMANAT" партиясы ұсынды. 

Әлихан Смайылов Үкімет басшысы болып қайта тағайындалды Фото: inbusiness.kz

Палатаның төменгі палатасының пленарлық отырысына қатысқан 97 депутаттың дауысы сарапқа салынды, деп жазады inbusiness.kz.

Смайыловтың кандидатурасын 82 депутат жақтаса, 7 адам қарсы шықты. Тағы 8-і дауыс беруден қалыс қалды.

Әлихан Смайылов 1972 жылы Алматыда дүниеге келген.

1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "Қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1999 жылдары – "А-Инвест" инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.

1999–2003 жж. – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2003–2006 жж. – ҚР сыртқы істер вице-министрі, "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы.

2006–2009 жж. – ҚР қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" ҰБХ президенті.

2009–2014 жж. – ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.

2014–2015 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.

2015–2018 жж. – ҚР Президентінің көмекшісі.

2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін – Қаржы министрі.

2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары – Қаржы министрі қызметіне тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.

2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, күні кеше ғана ел Үкіметі отставкаға кеткен болатын. Мемлекет басшысы  VIII сайланған Парламенттің алғашқы сессиясында сөйлеген сөзінде Премьер-Министр кандидатурасын сайлауда жеңген партия ұсынуға құқылы екендігін мәлімдеді. 30 наурыз күні Қасым-Жомарт Тоқаевқа "AMANAT" партиясы ұсынған Үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайылов кандидатурасы ұсынылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу