Бұған дейін аударыспақтан 70 келі салмақта сынға түскен Ермек Құралбай алтын медальға ие болған еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ұлттық және ат спорт түрлері орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алмат Ләтіпбек аударыспақтан екінші алтынды жеңіп алды.
"Қазанат" ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді.
Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. 10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу