Алтай Көлгінов жаңа қызметке келді

2235

Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алтай Көлгінов жаңа қызметке келді Фото: kazlenta.kz

Мемлекет басшысының Жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.

"Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалсын", деп жазылған Жарлықта.

44 жастағы Көлгінов 2019 жылдың маусымынан бері Астана қаласының әкімі қызметін атқарды. Бейсенбіде ол бұл қызметтен босатылып, орнына Жеңіс Қасымбек келген болатын

Алтай Сейдірұлы Көлгіновтің елордаға әкім болған мерзімі қысқаша былай сипатталатындай: бір қала – екі атау,  жыры бітпеген LRT. Instagram желісінде белсенді әкім. 

2019 жылы Нұр-Сұлтан, 2022 жылы Астана қаласының әкімі болған Алтай Көлгінов үшін елорда әкім ретіндегі үшінші орынтағы.

Бұған дейін ол 2012-2013 жылдары - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2013-2016 жылдары - Орал қаласының әкімі, 2016-2019 жылдары - Батыс Қазақстан облысының әкімі болды. 

2000 жылы - Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде қызмет етті, 2001-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі және Бас прокуратура органдарында әр түрлі лауазымда қызмет атқарады.

2008-2010 жылдары - "АлашМедиаГрупп" ЖШС бас директорының орынбасары,

2010-2012 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
Әкімдік жолын Батыс Қазақстанда бастағанымен Алтай Көлгінов Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында дүниеге келген. А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген. 

Алтай Көлгінов әлеуметтік желіде әсіресе Instagram мен Twitter желісінде белсенді. Астана әкімдігі атқарып жатқан кейбір шаралар әкімнің әлеуметтік парақшасында алдымен жарияланды. 

Астанадағы өзіне дейінгі әкімдер шеше алмаған LRT құрылысын жалғастыру мүмкнідіктерін қарастыратыны туралы бірнеше рет мәлімдеген еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу