Әмір Омарханов Шымкенттегі турнирдің ширек финалына шықты

425

Отандасымыз қазіргі сәтте ATP Live рейтингісінде бірден 951-орынға көтеріліп тұр. 

Әмір Омарханов Шымкенттегі турнирдің ширек финалына шықты Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Әмір Омарханов Шымкент ITF M15 турнирінде екі қарсыласын қапы қалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ATP рейтингісінде 988-орында тұрған жас талант алдымен әлемнің 680-ракеткасы, 27 жастағы германиялық Адриан Отцбахты жарыс жолынан тайдырды – 6:4, 7:6 (7:5). Тартысты бәсеке 2 сағат 22 минутқа созылды.

Әмір екінші айналымда рейтингіде 903-орында тұрған ресейлік 20 жастағы Савелий Ивановтан да қаймықпады. Екі сағат 3 минутқа созылған матчта қазақстандық спортшы 7:6 (7:5), 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Омарханов жартылай финалға шығу үшін рейтингіде 884-орындағы Польша өкілі Жаза Сайричпен таласады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу