Ол әлем чемпионы атағы үшін аргентиналық спортшы Анай Лопеспен (21-2-1, 1 КО) жұдырықтасты.
Олар екінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IBO атағын сарапқа салды. Жекпе-жек екі минуттан 10 раундқа есептелген болатын.
Кездесу төрешілердің ұйғарымымен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді.
Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды.
Айта кетейік, Ангелина биыл WIBF және WBF нұсқалары бойынша екінші дәрежелі чемпиондық белдіктерді жеңіп алған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу