Аптаның басы абыржумен басталды

Аскар Муминов Аскар Муминов
26705

Англияның  ЕО-тан шығуы туралы референдумынан кейін қор нарықтары алаңдаушылық танытуда.

Аптаның басы абыржумен басталды Фото: reuters.com

Өткен аптаның жұмасында аспаннан жай түсіргендей болған Ұлыбритания референдумында еуроскептиктердің жеңісі туралы хабар тарағаннан кейінгі бірінші жұмыс күнінде әлемдік нарықта тұрақсыздық пен алаңдаушылық сезіледі. Егер алтын сияқты активтер бағасы өссе, мысалы, мұнай бағасы керісінше төмендеп, рубль мен теңгенің бағамын әлсіретуде. Доллардың тұрақталуы қайтарымсыз сияқты,себебі, Қытай үкіметі юаньның тағы да құнсыздануы туралы хабарлады. Аналтитктер болжағандай, Brexit барлық әлемдік экономикаға әсерін тигізе бастауда. Сонымен қоса, басқа елдердің, оның ішінде,Германия-Еуроодағы локомотивінің  ЕО құрамынан шығу туралы референдумға дайындалуы сияқты хабарлар отқа май құйғанмен бірдей болып тұр.

Сонымен, алтын қаржылық тұрақсыздық кезеңінде ең сенімді актив сияқты таңертеңнен бастап оң динамиканы көрсетіп тұр. Нью-Йорктік Comex биржасында алтынға тамыз айындағы фьючерстер 6,3 долларға немесе тройсктік уницаға 0,48%-дан  1328,70 долларға дейін өсті. Осыған орай, күміске қыркүйектегі фьючерстер уницке 0,55% -дан 17,74 долларға дейін төмендеді. Аналитиктер жақын арада алтын бір уницаға 1400 долларға дейін өсуі мүмкін деп болжайды. 

Мұнай баға белгілеулері өздерін мүлдем басқаша ұстауда. Лондон және Нью-Йорк биржасындағы электрондық саудада мұнайдың әлемдік бағасы жұмадағы трендті қайталауда, яғни төмендеуде. Нью-Йорктік NYMEX сауда биржасында WTI маркалы жеңіл мұнай  тамыздық фьючерстері бір баррельге 0,57%-дан  47,37 долларға дейін түсті. ICE Futures Лондон биржасындағы Brent маркалы мұнайға фьючерстер тамыз айындағы жеткізумен бір баррельге 0,27%-дан  48,28 долларға дейін түсті.

Теңге тұрақталуда
"Асыл-Инвест" брокерлік компаниясының аналитігі Әмір Ақтановтың шолуына сәйкес қазақстандық қор нарығындағы жағдай тереңдей түсуде. Мысалға, KAZ Minerals қағаздары Лондон биржасында Англиядағы референдумнан кейін бірден 5,7% түсіп кетті. KASE төмендеуі 11,7%-ды құрады. Бұл KAZ Minerals  үшін 2015 жылдың 29 қыркүйегінен бергі ең маңызды төмендеу. Жалпы, "көгілдір фишкалардың" көпшілігі аптаны қызыл зонада аяқтады. Аутсайдерлер есебінде тек  KAZ Minerals (-3.9%)  қағаздары ғана емес, сонымен бірге "Қазақтелеком" (-3,6%) және  Kcell (-2%) қағаздары бар. 

Ал қазақстандық валюта тұрақталуда. Қазақстандық қор биржасының күндізгі сессиясы барысында АҚШ долларының орташа сараланған бағамы бір долларға 338,71 теңгені құрады. Орташа сараланған АҚШ доллары бағамы таңертеңгі және күндізгі сессия қорытындысы бойынша бір долларға 339,10 теңгені құрады. Осы орайда, Қазақстандық қор биржасының жұма күнгі таңертеңгі сессиясында сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы теңгеге шаққанда 340,07 деңгейінде болды.

Қытай валютасының жағдайы
Қытайлық юань бүгін 1%-ға құнсызданды. Қытай премьері Ли Кэцян мұның себебі қазір кез келген ел өзін әлемдік экономикадан бөле алмайды деп көрсетті. Бүгін қытайлық валюта бір долларға 6,6375  көрсетіп  2010 жылғы желтоқсандағы ең аз шамаға жетті. Былтырғы жылғы тамыз және осы жылдың қаңтар айындағы көлемді түзетулер қытай валютасының әлсіреуімен байланысты болған еді. Мамыр айынан бастап қытайлық юань долларға қарсы шамамен 2,5% жоғалтты және өткен аптаның жұмасынан бастап бұл үдеріс  жылдамдай түсті. Юань бағамының осындай қарқында төмендеуі сақталатын болса, онда жақын күндерде нарықтағы жағымсыз көңіл- күй одан әрі өршуі мүмкін. Қытай валютасы тағы да қауіп факторларының бірі болуда.

 Валюталық тербеліс
"Инста Форекс" КТ аналитігі Игорь Ковалев ресейлік валюта қауіпті актив сияқты жаппай дүрлікпе сатылым ағымы қысымында қалды дейді. Осы орайда рубльдің төмендеуі күткендей аса айтарлықтай болмады. Салықтық кезең шеңберінде төлемге дайындық рубльді қолдау факторы болды. Осы дүйсенбіде ПҚӨС, акциздер және ҚҚС бойынша есептеулер жүруде, ол сұранысқа ие 

Осымен қоса, MFX Broker аналитігі Александр Гриченковтың айтуынша, жұма күнгі кешкі бағамға қарағанда, британдық фунт пен еуроға қатысты бүгінгі көңіл-күй мәз емес. Фунт пен еуро 1,34 және 1,10 доллар шамасында сатылуда, ол сәйкесінше, аптаның соңындағы 1,3650 және 1,11 долларға қайшы. Ол Brexit тақырыбы қаржы нарығы үшін барлығын жабады, сондықтан да жоғары құбылмалық қаупі сақталады, ал сауда динамикасын болжау қиындайды. Жалпы нарықтық  көңіл-күй доллардың ақырын тұрақтануына және еуроның рульге  қарсы әлсізденуіне жағдай жасайды.

ТeleTrade аналитігі Марк Гойхман британдық референдумнан кейін қаржылық нарықтағы турбуленттік басылмай тұрғанын айтады. Бірінші болған әсер басылып келеді, бірақ одан әрі болып жатқан жағдайды қорыту басталады. Ал, ол еш қуаныш әкелмейді. Бірігу қарсыластарына мықты серпін берілді. Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы барысында ол әлсізденеді және басқа елдер үшін тартымдылығын жоғалтады. Қазір ЕО- дан Италия, Голландия, Финляндияның шығуға деген ұмтылуы және осылайша одақтың бірте-бірте құлдырау қаупі бар. Мұның барлығы, жалпы, Еуропа және барлық әлем үшін үлкен кері әсер. Атқарылған экономикалық байланыстар бұзылады, нарыққа, капиталдар, шикізат,  елдер арасындағы  жұмыс күшіне  еркін қол жеткізуге тағы да шектеулер пайда болуы мүмкін. Сауда, тариф, бағаның жаңа жағдайы туралы  ұзақ уақыт келіссөздер жүргізу күтілуде деп атап көрсетті. 

Аналитик басқаларға қарағанда еуропалық экономика көп қиындық көруде дейді. Сондықтан да, ең бірінші қиындықтарға тап болатындар фунт, еуро,франк. Олар үшін жұмадаға баға белгілеу алшақтығынан кейін аптаның гэп болып басталуы да тегін емес. Фунт/доллар жұмадағы үзілгеннен кейін одан  әрі төмендеуін жалғастыруда. Қазір оның техникалық мақсаты- 1,32407. Еуро/доллар аз төмендеуде, бірақ та сондай қысымда. Ағылшындардың референдумының тағы да бір салдары  ФРЖ- ның 2016 жыл бойына мөлшерлемені арттырудан бас тартуы болуы мүмкін. Бүгін бір жыл бойғы фьючерстер биржасы мәліметі бойынша бірінші рет өсу мүмкіндігі емес, керісінше мөлшерлеменің төмендеуі пайда болды. Шілде айына дейін ол  7,2% құрайды. Нарықтардың орта мерзімді келешегі үшін мұндай жағдай тұрлаусыздықты көрсетеді.

 Жақсы жаңалықтарды күтуде
ТелеТрейд аналитігі  Михаил Поддубский осы аптада барлық назар нарықтың ауызша басқыншылықты және уәдені күтетін, қажет болса қосымша өтімділік ұсынатын  әр елдің ОБ өкілдерінде болатынын атап кетті.Жалпы жетекші Орталық банктердің монетарлық саясаты одан әрі де жеңіл болады деп күтілуде.  Фьючерстер ФРЖ мөлшеріне қазірдің өзінде 7.2% көрсетіп тұр және шілде отырысында мөлшерлеменің төмендеуі ықтимал. Оның айтуынша, нарықтың мұндай күтілімі инвесторлар реттеушінің қолдауына сенетіндігін көрсетеді, яғни көлемді сатылымдарды күту дәл қазіргі уақытта қажет емес.

Аналитик референдумнан кейін көңіл-күй қалай болғанда да мәз емес екендігін, нарықтар қажет болған жағдайда Орталық банк қолдау көрсетеді және көлемді төмендеуден қалайда құтылып кетуге болады деп сенеді дейді. Қауіпті активтер бойынша жағдай тұрақталуға мүмкіндік бар. Англия банкі басшысы Марк Карни банктік жүйеге 250 млрд фунт  қосымша өтімділігін ұсынуға дайын екендігін айтты. Федералды резерв өкілдерінің американдық реттеушісі  де қажет болған жағдайда өтімділікті қосуға, осылайша нарықты қолдауға дайын екендігін хабарлады.

"Егер фьючерстердің ФРЖ мөлшеріне қарайтын болсақ, онда нарық шілде отырысында мөлшерлеменің 7.2%  деңгейіне төмендеуі ықтималдығын айтуда. Біз, әрине, мұндай жағдайды күтпейміз, алайда осы фактінің өзі инвесторлар реттеушінің қолдауына сенетіндігін көрсетеді, яғни көлемді сатылымдарды күту дәл қазіргі уақытта қажет емес. Жақын күндерді американдық статистикаға назар аударған жөн. Күшті мәліметтер- нарық үшін америка экономикасы өзін жаман сезінбейтіндігін білдіретін оң белгі, ал жетекші Орталық банктердің монетарлы саясатымен нарықтар тағы да өсуі мүмкін. Егер статистика жағымсыз беталысты көрсете бастаса, Америкада құлдырау қауіптілігі өсе бастауы мүмкін, ал бұл жағдай  нарықтармен жағымсыз қабылданатыны белгілі және америка нарығындағы түзетулер осы жылдың қаңтар ақпан айларындағы төмендеумен салыстырмалы болуы мүмкін. Ал, әзірге базалық сценарий бұл, дегенмен де, сол бірінші нұсқа", - деп атап көрсетті Михаил Поддубский.

Еуропа бойынша IHS Global Insight  бас экономисті Говард Арчер биылғы жылы ағылшын экономикасын күрделі құлдыраулар күтіп тұр, ал келесі жылы ол тоқырауға ұшырай бастайды  деп болжауда.

Citigroup аналитиктері Brexit алдағы үш жылда Ұлыбританияның ЖІӨ 3–4 пайыздық тармаққа түсіреді деп есептейді. Олар сонымен қатар, стерлинг фунтының 15% түсуін күтуде.

Асқар Муминов, Алматы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу