Армениядан көлік әкеліп тіркеуге қою қанша тұрады

29292

Қазақстан Республикасына шетелден көлік әкеліп тіркеуге қою қанша тұратынын білесіз бе?

Армениядан көлік әкеліп тіркеуге қою қанша тұрады

Армениядан көлік сатып алудың оңайлығы қазақстандықтарды қызықтырады. Еліміздің батыс өңірінде шетелдік нөмірмен жүйткіп жүрген көліктер қаптады. Жуырда бұған тыйым салатын заң қабылдануы мүмкін. Ал әзірше көлікті тіркеуге қою қанша тұратынын есептеп көрейік. Алым-салықтар мен баж туралы ақпаратты ұсынамыз.

Сонымен 2012 жылғы, қозғалтқыш күші 2,5 литр болатын Toyota Camry-ді АҚШ-тан "әкелейік". Машинаның экологиялық санаты талапқа сай (Евро-4). Мұхиттың арғы жағында "Камри"  8-9 мың доллар тұрады. Оны елге жеткізу - 2 500 доллар (АҚШ-тан Арменияға, Армениядан Қазақстанға). Кедендік алым – 20 000 теңге немесе 52,05 доллар. Бәрін қосқанда 10 552 05 доллар шықты.

Қазақстанға кіргізу бажы жыл сайын арзандап келе жатқанымен, әлі де қымбат боп есептеледі. "Жасы" жетіден асқан Camry-ді елге алып келгенде инвойста жазылған кедендік құнынан 19% ақша төлеу керек. 2 004,89 доллар - 10 552,05 доллардың 19%-ын құрайды.

Әлі біткен жоқ! Көлікті тіркеуге қою үшін утилизация алым төлеу керек (қозғалтқыш көлемі 2001-ден 3000 см.кубқа дейін - 500 АЕК немесе 1 262 500 теңге), алғашқы тіркеуге де тура сонша төлеуіңіз керек (3 жылдан асқан жеңіл көліктерге: 500 АЕК – 1 262 500 теңге) және қосылған құн салығы 12%. Айтпақшы, тіркеуге қою алдында көлік құралының қауіпсіздігі туралы арнайы куәлік алып, ЭВАК батырмасын орнатуға тиіссіз (50 000 теңге + 189 000 теңге  = 239 000 теңге немесе 622.4 доллар).

Сонымен Қазақстанда  қозғалтқыш күші 2,5 литр болатын Toyota Camry-ді тіркеуге қоюдың өзі 10 705,82 доллар тұрады.

Теңгемен есептегенде көліктің жалпы құны 8 163 022.08-ге тең.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу