Әскер спортшысы Ангелина Лукас Стамбулда өткен бокс кешінде жеңіске жетті

310

Жекпе-жек екінші жеңіл салмақта өтіп, 8 раундқа жоспарланды.

Әскер спортшысы Ангелина Лукас Стамбулда өткен бокс кешінде жеңіске жетті Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Бұл Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының қызметшісі Ангелина Лукас үшін кәсіби мансабындағы 14-жеңісі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.                

Осы жолы ол Боливия спортшысы Есения Токомен қолғап түйістірді.

Алайда, аты шулы Ангелина 2-ші раундта-ақ Есения Токоны тізе бүктіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл Токоның алғашқы жеңілісі болғанын айта кеткен жөн.

Стамбұлдағы кеш Ангелина үшін осы айдағы үшінші жекпе-жек болды, оған дейін армияның былғары қолғап шебері нигериялық Айисат Орийоми мен венесуэльдік спортшы Жоана Суньиганы жеңген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу