"Астана" футбол клубы да жекеменшікке өтуге жақын

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкіметтегі брифингте айтты. 

"Астана" футбол клубы да жекеменшікке өтуге жақын Фото: ФК "Астана"

Осыған дейін команда бірыңғай оператор Sport Qory арқылы қаржыландырылып келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Негізінен, елордалық клубтың жекеменшік инвестордың басқаруына өтетінін бірнеше ай бұрын белгілі болған-ды. 

Министрдің сөзінше, "Астана" – тарихы бар, халықаралық деңгейде танылған клуб. Оны коммерцияландыру, яғни жеке инвестиция тарту міндетті түрде жүзеге асады. 

– Инвестор бар. Қазіргі уақытта барлық рәсім аяқталған жоқ, сондықтан нақты ақпаратты әзірге жариялай алмаймыз. Бірақ, инвестордың бар екенін сенімді түрде айта аламын, – деді Туризм және спорт министрі. 

Ербол Мырзабосынов бүгінде қазақстандық бірнеше футбол клубы толық жекеменшікке өткенін, қалған клубтар бойынша инвестор тарту жұмыстары жалғасып жатқанын жеткізді. 

Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының кәсіби жарыстарды ұйымдастыру дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылхайыр елдегі футбол клубтарының 100 пайыз жекеменшікке өтуге жақын екенін айтқан еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу