Жақында Астанада өткен қазақстандық-америкалық форумда Kazakh Invest агенттігі мен Baron Services компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум америкалық корпорацияның гидрометеорология және экология саласындағы жобасын іске асыруды көздейді. Бұл қазақстандықтардың ауа райы қауіпсіздігіне қалай әсер ететінін анықтау үшін abctv.kz корпорацияның Қазақстандағы өкілі Әлия Нұрақышевамен тілдесті.
– Әлия, жобаның мәнісі неде?
– Жоба көп деңгейлі және кешенді жүйені ұсынады. Бастапқыда Назарбаев Университетіндегі "Астана- Технополис" АЭА алаңында радарлар өндіру жайын сөз еткен болатынбыз. Алайда ол үшін алдымен мамандарымыздың біліктілік деңгейін көтеру керек болды. Алдағы уақытта Қазақстан ауа райы технологияларын дамыту мен өңірдегі климатты зерттеудің орталығы болуы мүмкін.
– Бұл жоба "Қазаэронавигацияға" арналған ба?
– Тек олар үшін ғана емес. Жалпы экономиканың барлық саласы үшін ауа райының сапалы мәліметі маңызды болып табылады. Әсіресе, ауыл шаруашылығы саласы үшін маңызды дер едім, өйткені ол сапалы және нысаналы агро ауа райы ақпаратына тәуелді. ТЖК үшін ерте хабарлау, ал "Қазсушаруашылығы" үшін нақты гидрологиялық мәлімет маңызды. "Қазаэронавигация" мен "Қазгидромет" радарлық желіні құру және олардың радарларынан мәлімет алмасу туралы келісімге қол қойды. Бұл жерде 15 радар "Қазаэронавигацияға" тиесілі, олар Қазақстан қалаларының әуежайларында орнатылатын болады. Ал 10 радар "Қазгидрометке" тиесілі.
Өткен жылдың желтоқсанында "Қазгидромет" екі радарды сатып алуға тендер жариялаған. Біз осы конкурста Шалқар және Жезқазған қалаларына радарлар жеткізуді ұтып алдық. Бүгінгі таңда бұл келісімшарт орындалуда.
– АҚШ-пен цифрландыру бойынша уағдаластық негізінде Қазақстанға, оның ішінде "Қазгидрометке" ұсынып отырған гидрометеорологияның кіріктірілген жүйесі жайлы айтып берсеңіз.
– Baron Қазақстанда ауа райы мен экологияны мониторингтеудің ұлттық кіріктірілген жүйесін құруды ұсынып отыр, оның операторы 1800-ден астам ауа райы өнімін шығару мүмкіндігі бар "Қазгидромет" болуға тиіс. Мұндай жүйе келесі кезеңдерден тұрады. Ең бірінші Қазақстанның барлық аумағын қамтитын 25 радардан тұратын радарлық желі құрылады. Содан кейін көпдеңгейлі кіріктіру іске асырылады. Ол жерден жаһандық ауа райы мәліметін, нақты уақыттағы спутниктік мәліметті, жоғары сапалы радарлық мәліметті, сондай-ақ жерүсті жабдығынан алынатын – яғни гидро-, метео-, эко- және басқа да станциялардың мәліметін, "Қазгидрометте" бар Қазақстанның ауа райы бойынша 100 жылғы архивтік мәліметті, жердің типі, жерді пайдалану түрі, өсімдіктің түрі бойынша мәлімет, топографияның мәліметтері мен басқа да факторларды алуды қарастырады.
Одан кейін ауа райы мәліметтерін метео-, гидро-, агро-, эко бағыт бойынша сандық үлгілеу жүйесінде өңдеу іске асырылады. Жүйеден шығар кезде олар бойынша ауа райы беріледі. Бұл бағыттардың барлығын өндірісте профессорлармен бірлесіп, мамандарды оқыту арқылы дамыту керек.
Өңделген мәліметтер негізінде ұлттық деңгейде хабарлау жүйесін ұйымдастыруға болады. ТЖ комитеті және оның 14 облыстағы департаменттері бірыңғай жүйеге ThreatNet бағдарламасы және Saf-T-Net App мобильдік қосымшасы арқылы қосылады. Мобильдік қосымша арқылы жергілікті халық хабардар етіледі. Әкімдік, полиция, өрт қызметтері үшін де жүйе бір мезгілде қолжетімді болады. Құлақтандыру ауа райы құбылыстарының географиялық айқындалған жерлері бойынша жүреді.
Ауа райы жүйесінің жұмысын және мәліметтерді өңдеуді жақсарту үшін адами әлеует пен зерттеу, оқу базасы үнемі арттырылып отырады. Тап осы мақсатқа Қазақстан және Орталық және Оңтүстік Азияның жақын елдері үшін Назарбаев Университеті жанында орталық құруды ұсындық. Университеттің инженерлік мектебінің профессоры Жанай Сағынтаев тамыз айының соңында ықтимал ынтымақтастықтың саласын анықтау үшін АҚШ-та Алабама университетінің (UAH) атмосфералық зерттеу факультетінің, ұлттық ғарыштық ғылым мен технология орталығының (National Space Science and Technology Center, NSSTC), қолайсыз ауа райы жағдайы институты(Severe Weather Institute) мен радарлық технологиялар және найзағайды зерттеу зертханасының (Severe Weather Institute and the Radar & Lightning Laboratories) профессорларымен кездесті.
– Мысалы, қандай?
– Мысалы, неліктен бізде көктемде су тасқынын ескерту үшін су көлемін анықтай алмайды, бұршақ пен дауыл болатын жайлы алдын ала хабарлау жоқ. Өйткені жаңбыр түрінде қанша су, қар түскенін анықтайтын жүйелік тәсіл жоқ. Қолда бар жабдықпен мұндай құбылыстарды күні бұрын анықтау өте қиын. Қазақстанның жергілікті мәліметтеріне арналған ауа райын сандық үлгілеу дамымаған.
Гидрометеорология саласын дамытып, толыққанды қаржыландыру керек. Сонымен қатар мамандардың біліктілігін кәсіби тұрғыдан теориялық және тәжірибелік курстарды қатар қолдану және жаңа технологияларды енгізу арқылы жүйелі түрде дамыту керек. 2017 жылдан бастап "Қазгидромет" басшылығы саланы жаңғыртуды жоспарлап, радарлар сатып алуда. Бірақ оларды үкімет, ауыл шаруашылығы министрлігі, ТЖК, қорғаныс министрлігі қолдау қажет. Өйткені расталған және сенімді ауа райы ақпараты экономиканың әр саласына қажет дүние. Мұндай жүйелі мәселелерді тек бірігіп қана шешуге болады. Мұндай жүйені құрмас бұрын жоспарлау кезеңінде негізгі салалардың өзекті мәселелерін ескерген жөн.
Біздің университеттің профессорлары Қазақстанда ауа райы мен экологияны сараптау жүйесін енгізу қажеттігінің уақыты келгенін айтып отыр. Ең бірінші кезекте, су мен желдің қозғалысы қар, жаңбыр, бұршақ пен дауылдың жиналуының сараптау үшін ғана негіз болмайтынын, сонымен қатар экологиялық және агрометеорологиялық сараптаудың негізі болатынын түсіну қажет. Мұның барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан жүйені ұлттық ауқымда құру керек. Бұл жүйе еліміздің жергілікті мәліметтері базасында жасалуға тиіс.
– Бұл радарларды "Қазаэронавигация" да қолдана ма?
– Азаматтық авиацияның мақсаты үшін метеорологиялық радар радарлық мәліметтердің белгілі бір пакетін береді, гидрометеорологияның ұлттық ауқымдағы мақсаты үшін кең көлемдегі және сапасы жоғары радарлық мәлімет керек.
Біздің радарлардың ерекшелігіне мысал келтіріп кетейін. Микротолқынды құрастыру блогы сигналды цифрлайтын антеннаның артында орналасқан, цифрлық форматтағы ауа райы ақпараты оптоталшықты канал арқылы радарлық процессорға келіп түседі. Ал бұл сигнал мәліметтерін сақтауға мүмкіндік береді. Микротолқынды құрастыруда шуылды тазартуға арналған CLEAN AP патенттік жүйесі бар. Әдетте, радардың сәулесі құсты, жәндікті, тіпті шаңның бөлігін де көреді, сосын оларды су деп қабылдауы мүмкін. CLEAN AP жүйесі болса гидрометеорологиялық нысандарды басқа мақсаттан айыра біледі, ал бұл гидрологиялық сараптауда өте маңызды. Тағы бір ерекшелігі - радарды әрбір сәуледе автоматты түрде калибрлеу, бұл радардың қызмет көрсетуін үнемдеп, нақты ауа райы мағлұматын алуға мүмкіндік береді.
Радарлар жаңбыр, қар, бұршақ түріндегі жауын-шашынның жинақталуын, сондай-ақ барлық бұршақ пен дауылдың болуын анықтауға мүмкіндік береді. Биыл қыста Астанада дауылды жел болғаны естеріңізде шығар, радардың көмегімен мұндай құбылыстарды алдын ала болжауға, жоқ дегенде бір күн бұрын анықтап, үш сағат ішінде хабарлауға болады.
Ертерек ескертуге қатысты айтар болсақ, ұсынылып отырған жүйеде ТЖК үшін автоматты ескерту жүйесі бар, сонымен қатар "Қазгидромет" үшін ауа райын сараптаудың негізгі жүйесімен өзара байланысты әзірленген бағдарламалық өнімдер бар. Ол деректерді визуализациялауға және мақсатты аудиторияны әр түрлі деңгейлерде хабардар етуге көмектеседі. Мұның ерекшелігі қамту аумағы таңдап алынады, мысалы, бұршақ жауатын жерлер алынады да, тап осы аумақтағы абоненттердің ұялы телефон иелеріне автоматты түрде ескерту жіберіледі.
Ертерек хабарлаудың мұндай жүйесі экономиканың көптеген секторы үшін өте тиімді. Мысалы, қаңтар айында біздің компания америкалық бизнес-қауымдастықтың біздің президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлымен Вашингтонда өткен кездесуіне қатысты. Шара аяқталғанна кейін қонақүйге дейін жаяу бардық, сол кезде қонақүйдің төңірегіне тұз себілгенін көрдік. Роберт Барон олар бір күн бұрын Вашингтонның белгілі бір аумақтарында түнде қар жауатынын хабарлағандарын айтты. Осыдан барып, коммуналдық қызметтер тиісті шараларды дер кезінде қабылдап, аталған аумаққа тұз сепкен. Келесі күні таңертең адамдар жүретін жердің ақ жолақ болып кеуіп қалғанын көрдім. Жұмыстың тиімді және келісіліп істелетіні ұнады.
– "Қазаэронавигациядағы" ресейлік радарлар ма?
– Тек қана ресейлік емес, фин, неміс өндірушілерінің радаралары бар. Олар өздерінің барлық навигациялық міндеттерін орындайды, бірақ гидрология бойынша тиімді емес. "Қазгидромет" оларды гидрометеорологиялық салаға қажет деңгейге дейін, әсіресе, қардың жиналуы мен жауын-шашынның есебі бойынша жаңғырту керектігін айтқан болатын. Осыған байланысты "Қазаэронавигация" радарлары халық тығыз қоныстанған негізгі қалалардың әуежайларында орнатылып жатыр, олардың радарлық мәліметтері гидрологиялық мониторинг үшін өте маңызды, өйткені бұл халықтың, су қоймаларының қауіпсіздігі мәселесі. Біз оларды жаңғыртуды ұсына аламыз.
26 қазан күні Kazakh Invest-тің қолдауымен "Қазаэронавигация", азаматтық авиация комитеті, "Қазгидромет", қорғаныс министрлігінің мамандарымен кездесу өтті. Онда мүмкіндіктер талқыланып, мамандарға танысу, анықтау, талдау үшін Baron базасында бір апта жұмыс істеуге рұқсат берілді. "Қазаэронавигация" комитеті "Қазгидрометке" радарлар орнатқаннан кейін, радарлық деректерді салыстырып, олардың мауысымның әр кезеңінде қалай жұмыс істейтінін сараптау үшін бұл тақырыпқа қайта келуді ұсынды.
– "Қазгидромет" үшін тағы радарлар жеткізесіздер ме?
– "Қазгидрометке" тағы жеті радар қажет. Оларды МЖӘ аясында қоюды ұсынып отырмыз, қаржы тартуға дайынбыз. Тағы екі радар қоямыз. Олар 2019 жылдың маусымында орнатылады. "Қазгидромет" инфрақұрылымды қамтамасыз етумен айналысып жатыр, радарды орнататын мұнара салады. Олар жобалық-сметалық құжаттамаға тапсырыс беріп қойған, қазір экспертизадан өтіп жатыр.
– Оларға келесі жылға бюджеттен 17 млрд теңге бөлінген жоқ па еді?
– Иә, ол туралы жаңалықтарда ақпарат болған. Оларға шынымен де жер үсті жабдығы желісін ұлғайту керек, сонымен қатар басқа да материалдық базаны жаңарту қажет. Сондай-ақ Baron тиімділік үшін жаңа технологияларды енгізуді, мамандардың біліктілігін арттыруды, ғылым саласымен ынтымақтастықта суперкомпьютерлердің базасында сандық үлгілеуді дамыту ұсынып отыр.
– МЖӘ жобасын қалай іске асырмақшысыздар, біздің валюта тұрақты емес қой?
– Бірнеше шешім бар. Бұл мәселе мемлекеттік әріптеспен тікелей келіссөз жасалғанда шешіледі деп ойлаймын.
– Ұлттық экономика министрлігімен МЖӘ жобасына қатысты жұмыс істедіңіз ме?
– Біздің МЖӘ жобаны сүйемелдейтін серіктесті айқындап қойдық. Ұлттық экономика министрлігімен келістік, алдын ала есептеулерді, құжаттарды дайындап жатырмыз, кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз. МЖӘ мәселесін "Бәйтерек" және "Зерде"-мен талқыладық, олар қолдап, мемлекеттік қолдаудың шешімін ұсынып отыр.
– Цифрландыру бойынша қандай да бір қазақстандық мердігерді тартасыздар ма?
– Иә, әрине. Кіріктіру бойынша бізге міндетті түрде жергілікті компаниялар керек болады.
– Қазақстан нарығында DTN компаниясы жұмыс істейді. Сіздер нарықты өзара қалай бөлмекшісіздер, сіздер бәсекелес емессіздер ме?
– Бұл екі компаниядағы сегмент әртүрлі, бірақ өзара байланысты. Baron гидрометеорологиялық жүйелерді ұлттық ауқымда жасайды. Яғни ол метеорологиялық радарлар, датчиктердің кіріктілуі, әртүрлі өндірушінің көрсету және LYNX визаулизациялау жүйесіндегі сенсорлары, метео-, гидро-, агро-, эко-, сандық үлгілеу, ертерек хабарлау жүйесін қамтиды. Ең бастысы мұның барлығы мәліметтерді шекарадан шығармай, жергілікті жерде жасалады, яғни ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ өзіміз елде сапалы ауа райы мәліметін жасап, қызмет көрсету үшін трансферттік технологиялар болуы керек, оған жергілікті мамандарды міндетті кәсіби оқыту арқылы қол жеткіземіз.
Қазақстанның бастапқы деректері – топография, егін шаруашылығының түрлері, яғни айдалған жер ме жоқ па, осыған байланысты оның суды сіңіруі, топырақтың түрі, өсімдік түрі, кей өсімдіктер суды тез сіңіріп алады, ал кейбірі баяу сіңіреді деген сияқты мәліметтер қолданылады. Өйткені мұның барлығы жергілікті жердің бастапқы жағдайына байланысты болады, әсіресе, гидрологиялық болжау барысында.
DTN нарықта тиімді жұмыс істейді. Ол "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ-пен және ауыл шаруашылығы министрлігімен жақсы жұмыс істеп жатыр. АҚШ-тың сауда миссиясы аясында DTN-мен ынтымақтастық жасауға келістік. Қазақстанның аумағында жабдық қаншалықты көп болса, онда соншалықты мәлімет жергілікті ауа райы дерегіне негізделдетін болады. Бұл агро сектор үшін маңызды.
– Сіздерде маңызды мәліметтер бар ма? АШМ-да мұндай мәліметтер бар дегенге күмәнім бар.
– Қазір түрлі ведомстволар елдің аумағын зерттеп, цифрландырумен белсенді айналысып жатыр. Мысалы, су бассейндері бойынша өлшем жасалуда. Маусым айында "Назарбаев Универститетінде" кездесуде болдық. "Ғарыш Сапары" елдегі барлық су ресурстарының 3D көлемін анықтауға қатысты зерттеу жүргізу үшін профессорларды тартты. Бастапқы деректер жүйеге енгізіліп, болжамның нақтылығы артады. Ұсынылып отырған жүйе икемді, мәліметтерді жаңартуға, сапасын жақсартуға болады, ал бұл болжамның сапасын арттырады. Бұл тек бір жылдың ғана жеміс емес, бұл бірнеше ведомствоның бірлескен жоспарлы жұмысы.
– Мәліметтерді әскерилер немесе "Қазсушаруашылығы" бере ме?
– Ол үшін заңға өзгеріс енгізу керек шығар. Қазір НР және басқа әлемдік өндірушілер жасанды интеллектті – өздігінен оқитын компьютерлерді шығарып жатыр. Ауа райының көп ақпаратын осындай компьютерлдерде өңдеген дұрыс.
– Қаңтар айында ұлттық университетте бір-бірімен өзара байланыспайтын "Қагидромет", "Қазселденқорғау", "Қазсушаруашылығы", әскери, "Қазаэронавигацияның" гидрометеорологиялық станцияларының картасын қарап шықтым. Мемлекеттік мекемелер бір-бірімен араласпайды, байланыс аз.
– Иә, мұндай ведомство аралық байланыстың аз екені рас. Шығындарды оңтайландыру мақсатында ведомстволардың өзара тығыз жұмыс жасауы тиімді болар еді. Мәселе әртүрлі өндірушілердің датчиктеріндегі мәліметтер форматы әртүрлі болуында. Барлық бағдарламаны байланыстыру қиын. Біздің компания өзінің жүйесіне кез келген форматты енгізу үшін әлем бойынша метео-, гидро-, эко-, агро жабдық өндіретін ірі өндірушілермен жұмыс жасайды.
Гидрологиялық сараптау жүйесі Румынияда тұр, қазір Baron Африкада, Индонезияда, Филипинда, Украинада жұмыс істейді. АҚШ-тағы NEXRAD ауа райы жүйесін толығымен жаңғыртты. Ауа райы – бұл желдің, судың, қардың, бұршақ пен басқа да көрсеткіштердің қозғалысының кешені және "Қазгидромет" осының барлығын бір ведомствода біріктіреді. Басқа салалармен тығыз байланыс орнату тиімді болады.
– Мұндай жүйені енгізудің тиімділігі қандай?
– Ауа райының ақпаратын экономиканың барлық саласын пайдаланады. Егер пайдаланбаса, онда ол экономиканың әр саласының тиімділігін арттыратын сапалы ауа райы өнімінің жоқтығын көрсетеді. Өзекті мәселелерді шешу үшін ұлттық экономика министрлігі ЭЫДҰ-мен "Тәуекелдерді басқару" жобасын іске асырып жатыр, онда халықаралық сарапшылар сараптап, шешімдерді ұсынуда.
Мысалы, ЭЫДҰ мәліметі бойынша, дүлей апаттан келетін шығын ЖІӨ-нің 2%-ын құрайды. ТЖК есебі бойынша БҰҰДБ-ның 2002 жылы дүлей апатты ескерту, жою және оның салдарын қалыпқа келтіруге кеткен шығыны ЖІӨ-нің 0,5%-1%-ын құраған. БҰҰ мен FEMA (АҚШ-тағы ТҚ жөніндегі агенттік) мәліметі бойынша, алдын алуға жұмсалған әрбір 1 доллар дүлей апаттардан келетін экономикалық шығындарды 5-10 долларға үнемдеуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның гидрометеорологиялық саласына жыл сайын 5,7 млрд теңге қаражат бөлінеді. Болжалды есептеу бойынша жүйені енгізгеннен кейін, Қазақстан үшін тиімділік 7,9 млрд доллар үнемдеу болады. Бұл егіс алқабын 40%-ға дейні сақтауға, ерте хабарлау есебінен ТЖ-ны жою шығындарын қысқартуға, ЖКО-ны қысқартуға, ТШҚ шығынын қысқартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ерте хабардау негізінде дер кезінде шаралар қабылдау энергетика шығынын азайтуға, экологиялық сараптаудың нақты мәліметіне әкеледі. Ал бұл халықтың денсаулығы.
– Ал, мысалы ГЭС немесе басқа да сумен жұмыс жасайтын жеке кәсіпорындар үшін мәліметтер қалай реттелетін болады?
– Қараңыз, мысалы, Америкада өзіне ауа райы, экологиялық датчик қойған кез келген жеке компания немесе мемлекеттік ұйым барлық мәліметті ұлттық метоқызметке беруге тиіс деген заң бар. Мұндай тәжірибе "Қазгидрометтің" өңдеу мен нәтижелігін арттыру үшін ауа райы мәліметін көп береді.
– Сала мамандарының біліктілігін қалай арттырмақ ойларыңыз бар?
– Гидрометеорологиялық сала профессорларының қолдаумен жұмыс істейміз, бұл "Назарбаев Университетінің" инженерлік мектебінің PhD професссоры Жанай Сағынтаев, гидролог Шәмшагүл Маштаева, агрометеоролог Сәкен Байшоланов. Сондай-ақ аграрлық униеверситетпен ынтымақтастық жасаймыз.
Гидрометеорология бойынша оқу және зерттеу орталығын құру, мұндай базаға өндірісте қолдануға болатын жоғары технологияларды енгізу, қазіргі мамандардың біліктілігін ғана арттырып қоймайды, сонымен қатар Орталық Азияның барлық өңірі үшін зерттеу мен оқыту жүргізуіге мүмкіндік береді. Климатты өзгеруін, атмосфереаның өзгеруін зерттеу – бұл әлемдегі өзекті мәселе. "Назарбаев Университетімен" осы мәселеге қатысты келіссөз жүргізіп жатырмыз.
– Мәліметтер қалай кіріктірілетін болады?
– Мәліметтер "Қазгидрометтің" серверінде еліміздің барлық ауа райы датчиктерінен жиналатын болады. Олардың ішінде жолдағы, авиациядағы, агросектордағы, экологиялық және гидрологиялық дачиктер де бар.
– Жалпы МЖӘ жобасының құны қанша болатыны жайлы айта аласыз ба?
– Жобамен 120 млн доллар деп отырмыз. Алайда бұл алдын ала болжанып отырған баға екенін естен шығармаған жөн. Талдау мен есептеулер жүргізу керек. Қазір бизнес-жоспарды әзірлеуге кірістік. Барлық заңды, маркетингтік, қаржылық мәселені есептеп, талдағаннан кейін ғана нақты бағасын айтуға болады.
– Кіріктіру, ИТ-жұмыстың бағасы қанша болады?
– Оны жұмыс барысында көреміз. Кіріктірудің құны жабдықтың форматына, қаншалықты қашықтықтан жұмыс істейтініне, олардың желісінің жағдайына және тағы басқаларға байланысты болады.
– Цифландырудың басқа жобаларымен арадағы ынтымақтастығы қалай болмақ?
– Табиғат құбылыстары туралы ақпаратты нақтылау үшін жүйеге бақылау камерасының мәліметтерін біріктіруге болады. Ауа райы ақпаратын көрнекі түрде растау үшін, бақылау камераларындағы деректерді жүйеге енгізуге болады. Бұл нақты көріністі көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қолданушылар бұршақтың көлемін суретке түсіріп жібере алады. Жобаны іске асару үшін желін бақылаушыларды техникалық тізімге алу керек. Климаттың өзгеруіне байланысты жобаларға USAID-тің техникалық қолдау көрсетуінің арқасында оны тегін жүзеге асыруға болады.
Данияр Серіков