Аударыспақтан қазақстандық бапкердің жөнсіз әрекеті алтыннан айырды

1812

Екеуі тең түскен болатын.

Аударыспақтан қазақстандық бапкердің жөнсіз әрекеті алтыннан айырды Фото: Kazinform

Аударыспақтан 90 келі салмақта ел намысын қорғаған Есімхан Рахматіллә финалда Қырғызстан спортшысы Ислам Бердібекуулымен белдескенімен, жеңілмесе де алтыннан айырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты kazinform-ға сілтеме жасап. 

Себебі оның алтынсыз қалуына бапкері кінәлі болған. Бәсекенің негізгі бөлігі тең аяқталып, жеңімпазды анықтау үшін қосымша уақыт берілген. Ережеге сәйкес, спортшылар бір-бірінің белбеуінен мықтап ұстап алды. Кімнің қолы белбеуден ажыраса сол жеңіліс табады.

Осылайша, бір-бірін алма-кезек тартқылаған спортшылар біраз уақыт тартысты. Бір уақытта Қазақстан құрамасының бапкері "қарсыластың қолы шығып кетті" деп айғай салған. Осы кезде бас төреші тоқтатпаған кездесуді бас бапкердің әрекеті тоқтатты.

Екі тарап дауласып, ақыры бейнежазбаның көмегіне жүгінді.

Ұзаққа созылған анықтау процесі қазақ бапкерінің әрекеті негізсіз екенін дәлелдеді. Есімхан Рахматіллә жеңілмесе де, алтыннан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу