Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды

737

Хоккейден ІХ қысқы Азия ойындарының финалдық кезеңінде біздің жігіттер Жапония құрамасын 5:0 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының чемпионы атанды Фото: Спорт және туризм министрлігі

Осылайша, Қазақстан қоржынына 4-ші алтын түсті.

Шайба авторлары:

  • Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд)
  • Дмитрий Бреус (21:02)
  • Роман Старченко (37:59)
  • Кирилл Панюков (42:24)
  • Кирилл Панюков (44:23)

Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан).

Олег Болякин шәкірттері IX қысқы ойында барлық матчта жеңіске жетті.

Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайбейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу