Баходир Жалолов әйгілі боксшылармен жұдырықтасқысы келеді

Бұған дейін өзбекстандық боксшыдан инфекция табылып, жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалғанын жазған едік.  

Баходир Жалолов әйгілі боксшылармен жұдырықтасқысы келеді Фото: Daryo.uz

Бұл жолы кәсіпқой боксқа біржола бет бұрған Баходир даңқты боксшылармен кездескісі келетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Ring басылымына сілтеме жасап.

14 жекпе-жегін де мерзімінен бұрын аяқтаған өзбекстандық спортшы аса ауыр салмақта әлем чемпионы, украиналық Александр Ускипен (23-0, 14 КО) жұдырықтасуды қалайды.

Еске салайық, ол 6 ақпанда Канаданың Монреаль қаласында франциялық боксшы Давид Спильмонмен (16-1, 11 КО) шаршы алаңға шығуы керек еді.

– Менің бар мақсатым – әлем чемпиондарымен жұдырықтасу. Егер маған 2-3 ай уақыт берсе мен Усикпен жекпе-жек өткізуге дайын болар едім. Мен өз күшімді Усик, Джошуа секілді боксшылармен салыстырып көргім келеді. Олар да мен секілді Олимпиада чемпиондары ғой, кәсіпқой бокста үлкен жетістіктерге жетті, – деді Б.Жалолов.

Шыны керек, оған соңғы 10 жыл көлемінде әуесқой бокста ешкім лайықты қарсылас бола алмады. Сондықтан, Олимпиада ойындарының 2 дүркін чемпионы атанды. Кәсіпқой бокста да бірыңғай жеңіске жетуде. Бірақ, бокс сарапшылары оның қарсыласының бәрі "қапшық" болғанын жазған еді. Боксшының мұндай шешім қабылдауына өзіне қарата айтылған пікірлер әсер етсе керек-ті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу