Бейбарыс Ерсейіт Азия чемпионатында топ жарды

251

Қазақстандық спортшының нәтижесі рекорд ретінде есепке алынды.  

Бейбарыс Ерсейіт Азия чемпионатында топ жарды Фото: olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт Ташкентте өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз қоссайыс қорытындысында 281 келі көтеріп, чемпион атанды. Оның нәтижесі – 129+152 келі.

Бейбарыс Ерсейіттің бұл көрсеткіштері U17 санатындағы Азия рекорды ретінде тіркелді. Сонымен қатар спортшы жұлқа көтеруде де үздік нәтиже көрсетіп, жеке есепте топ жарды.

Осылайша, қазақстандық ауыр атлет Ташкенттегі құрлық біріншілігін алтын медальмен бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу