Энергетика министрлігі бензин бағасына қатысты мәлімдеме жасады

АИ-92 бензинінің бағасындағы өзгеріс мемлекеттік реттеуді алып тастағаннан кейін бірден байқалды.  

Энергетика министрлігі бензин бағасына қатысты мәлімдеме жасады Фото: auto.24tv.ua

Энергетика министрлігі бағаның күрт өсуіне, негізсіз қымбаттауына жол берілмейтініне сендірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде бөлшек саудадағы автобензиннің бағасы АИ-92 маркасына 204-221 теңгені құрап отыр. 

– ҚР Энергетика министрінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы бұйрығымен ведомствоның 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 139 "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық автожанармай құю станциялары үшін көтерме саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрығының күші жойылды. 2025 жылдың 28 қаңтарында Энергетика министрінің ЖЖМ-нің шекті көтерме және бөлшек бағаларын жою жөніндегі бұйрығы Әділет министрлігінің №35683 мемлекеттік тіркеуінен өтіп, 30 қаңтарда күшіне енді. Қаңтар айында ЖЖМ бағасына мемлекеттік реттеу алынып тасталғанға дейін, автобензин жанар-жағармай құю станцияларындағы АИ-92-нің бағасы литріне 205 теңге және дизель отыны 295 теңге болған еді, – дейді министрлік ресми жауабында.

Осылайша, Энергетика министрлігі Үкімет пен уәкілетті органдар бағаның күрт өсуіне жол бермейтінін, ал жанармайды жеткізу саласында заңсыз әрекеттерге қатысты барынша қатаң шаралар қабылданатынын жеткізді. 

– Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен тұрақты өзара іс-қимылда жұмыс атқарып, ақпарат алмасып отыр. Сондай-ақ, жанармай бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу бойынша барлық 20 өңірдің әкімдігі жанындағы ЖЖМ бойынша өңірлік штабтар жандандырылды, – делінген министрліктің ақпаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу