Бір бағытқа бағытталған жұмыс

11548

Павлодар облысында сүт өндіру бағытындағы ауыл шаруашылық кооператив жұмысын бастады.

Бір бағытқа бағытталған жұмыс

Осы жылдың маусым айының басында Павлодар облысында "Родная долина" ауылшаруашылық өндірістік кооперативі тіркелді.

Жаңа кооперативтің құрылтайшылары- екі сүт өңдеуші және үш шаруашылық қожалық құрылтайшылары. Құрылтайшылар үшін жарғылық қорды құруда әр құрылтйышының жарнасы кооперативтің қызметімен, яғни сүт таситын көлікке, сүтті салқындатушыға, жылжымайтын мүлікке,егер оны аталған қызмет түріне лайықтайтын болсақ, мысалы, сүтті қабылдау пункті немесе тіпті болмаса баламалы қаржылық сомаға байланысты болады деген шешім қабылданды.

Қалған мақсатты аудитория, сүт өткізушілер, коопервтивке кооперативтің қауымдастырылған мүшесі құқығында кіреді. Олар үшін бірыңғай кіру сомасы -1 мың теңге болып бекітілген.

 Кооперативтің негізі сүт зауыты болды, соның негізінде кооперативтің барлық құрылымы көтерілетін болады. Сүт зауытын сатып алуға және қалпына келтіру үшін екі құрылтайшы-"Вектор S" ЖШС және "ЭкоМастер" ЖШС 102 млн.теңге көлемінде инвестиция салды. Кәсіпкерлер бір жылға жетпей кәсіпорынды, қажетті инфрақұрылымды қалпына келтірді.

Зауыттың жылдық  жобалық қуаты- 1,3 тонна сүт,160 тонна сары май, 2,8 тонна қышқыл сүт өнімі, 180 тонна қаймақ және 271 тонна ірімшік. Осы жылдың соңына дейін 2 мың тонна шикізатты өңдеу жоспарланып отыр. Зауытта күніне 5 мың литр сүтті құрғататын және құрғақ сүтті қалпына келтіру аппараты бар. 

Сүт кооперативі облыстағы бірінші пилоттық жоба. Оны құру барысында өзінің жаңа нюанстары анықталды. "Барлық кооперативтердің басын бір жерге қосып қойды. Егер кооперативтер үшін мемлекеттің қарастыратын барлық жеңілдіктері бар ауыл шаруашылық өндірушісі дәрежесін алғың келсе, онда ауыл шаруашылыққа негізделген жер телімінің болуы талап етіледі және оны өңдеу қажет болады. Нәтижесінде, бізге шаруашылықтың құрылтайшысы ретінде сүт өндірмейтін шаруашылықты алуға тура келді. Жер телімі үлкен емес, алайда біз оны игере аламыз. Сонымен қатар ауыл шаруашылық өнімін дайындаушы дәрежесін алу үшін бізде тек сүттен ғана дайындалатын өнімнен 90% кіріс болуы керек. Біз барлық талаптарды орындадық. Кооперативтерді дамыту үшін мемлекетттің беріп жатқан жеңілдіктері мен мүмкіндіктері айтарлықтай екенін атап кету керек. Бұл салықтық жеңілдетулер, мемлекет қарастырған инвестициялық субсидияларға қатысты. Әсіресе, нақты заңды тұлғалар үшін жақсы. Мен кооперация  өздерінен республика күтетін  қажетті нәтижені бере алады деп ойлаймын",- деді "Родная долина" ӘКК төрағасы Талғат Сұлтанов.

Сүтті өңдеу бойынша өндріс- жобаның жартысы ғана. Келесі қадам- сүттерін қымбатырақ сатқысы келетін қатардағы шаруалар мен сүтті арзан бағаға сатып алғысы келетін өңдеушілер арасында теңгерімді табу керек. Төрағаның айтуынша, бұл теңгерімді кооператив шеңберінде табуға болады, "себебі мемлекет ұсынып отырған салықтық ерекшеліктер мен инвестициялық субсидияларды барлық сүт нарығына қатысушы ойыншылар арасында дұрыс бөлетін болсақ, бұл нарықты  тұрақтандыруы мүмкін"

Бүгінгі күні жаңа кооперативтің негізгі міндеті- өзінің сүт өндірушілерін қалыптастыру. "Біз бір ауылға барып көрдік, өзіміздің жоспарларымыз туралы айтқанда, қосалқы шаруашылық тараптарынан қызығушылықты көрдік. Өндірілетін сүттің көлемі  қатысушыларға негізделетіні белгілі. Біз соларға үміт артамыз. Өкінішке орай, бұл кешеннің де өзінің мәселелері бар. Ұсақ тауарлық және материалдық ресурстардың жетіспеушілігі, қндірістік мәдениеттің болмауы сүттің құрамы сапасына кері әсерін тигізеді. Сол себепті, біздің кооперативтің міндеті кооперативке кіру арқылы тек  сүтті сатып алудың тиімді бағасын қамтамасыз ету ғана емес, соынмен бірге, толыққанды сервиспен қамтамасыз ету. Бұл қослақы шаруашылықтарды сауу аппараттарымен, сүтті талдаушылармен және жем-шөппен қамту",- деді Талғат Сұлтанов.

Нарыққа сапалы өнімді шығару үшін сапалы шикізат қажет. Оған сүт өткізушіге қатысты барлық талаптар қаратстырылған шарт жасау арқылы ғана қол жеткізуге болады. "Жеке қосалқы шаруашылық және кооператив арасындағы барлық қарым-қатынас шартпен ресімделеді, онда сатып алудың шарттары, оның ішінде, майлылығына, қышқылдығына және басқалары жазылады. Бізде сүтті тексерудің екі сатылы жүйесі болады. Мұнымен менеджерлер айналысатын болады",- деді ӘКК төрағасы.

 Жаңа кооператив құрылтайшылары аталған сүт нарығында ірі ойыншылар бар екенін жақсы түсінеді. Олармен бәсекеге түсу қиынырақ болар еді. "Біз нарықты саралай отырып, облыстың кейбір ауылдық жерлері толықтай сүт өндірумен қамтылмаған. Сондықтан да қазіргі нарықтағы сүт өндірушілермен бәсекелестік болады деп ойлаймыз",- деді Талғат Сұлтанов. Бұл жерде логистика арқылы ұтуға болады.

 Өндіруші сүт зауытынан алыс болса, онда оны өңдеу орнына дейін жеткізу қымбатырақ болады, ал бұл соңында оның өзіндік құнына әсер етеді. "Қазір мемлекет осы кооперативтер арқылы көліктік-дайындау шығындарын субсидиялау мәселесін қарастыруда. Сонда ірі өңдеушілермен қарастырылмай қалған өңірлерді дайындаумен қамту мүмкін болар еді.

Біз оларға бәсекелес емеспіз, керісінше, серіктеспіз. Олар да шикізаттың жетіспеушілігін сезінуде және олардың инвестициялық мүмкіндіктері шектеулі. Бізге неге аталған кәсіпорындарды сүтпен қамтамасыз етпеске. Осы бағытта белсенді жұмыс жргізілуде",- деді кооператив төрағасы.

Марина Попова, Павлодар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу