Биыл орын алған көлік апатынан 90 адам көз жұмған

17064

Жамбыл облысында жыл басынан бері 687 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Биыл орын алған көлік апатынан 90 адам көз жұмған

Оқыс оқиғадан 90 адам қаза тауып, 4000-ға жуығы әртүрлі дене жарақатын алған. Десе де, жол-көлік оқиғаларының саны күн санап артып барады.

Өткен аптаның өзінде 8 жазатайым жағдай жүргіншілерге арналған жолақта орын алыпты. Себебі жүргізушілер жылдамдықты асырып, жүргіншілерге мән бермей жолдан өтіп кетеді.

Сондай-ақ республикалық маңызы бар Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодәлізіндегі жағдай да алаңдатарлықтай. Республикалық маңызы бар бұл нысандағы жол апаттары көбіне түнгі уақытта болады екен.

Ал мамандардың сөзіне сенсек, мұны көлік тізгіндеп келе жатқан жүргізушілермен байланыстыру керек. Өйткені жүргізушілер жолда қалғып кететін көрінеді. Енді саланың жауапты қызметкерлері бұл магистральға демалатын орындар ашуды көздеп отыр.

"Жамбыл өңіріндегі тас жолдар жоғары деңгейде төселген әрі жаңа. Сондықтан болар, тақтайдай жолда жүргізушілер жылдамдықты асырады. Жол-көлік оқиғалары түнгі уақытта жүргізушілердің қалғып кетуі салдарынан жиілеп отыр. Бұдан басқа, облыс орталығы Тараз қаласында да көлік апаты жиі орын алады", – дейді жергілікті полиция басқармасы басшысының орынбасары Самат Құсайынов.

Әсел Мұратбекқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу