Бизнес жетістіктері жетерлік, бірақ даму алда

Лилия Ахметова Лилия Ахметова
9743

Қазақстандағы шағын және орта бизнес кәсіпорындарында 3 миллионнан астам адам жұмыс істейді. 

Бизнес жетістіктері жетерлік, бірақ даму алда

Кәсіпкерліктің ел экономикасының тұрақты сегменті ретінде қалыптасуына Қазақстан үкіметі көп жылдан бері ерекше көңіл бөліп келеді. Осы тұрғыда кәсіпкерлікті қолдаудың әр түрлі бағдарламасы әзірленіп, әкімшілік кедергілер бірте-бірте азаюда. "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшыларының бағалауы бойынша, бұл жұмыс өзінің оң нәтижесін көрсетуде. 

"Бірнеше жыл бұрын мемлекет басшысы 2050 жылға дейін Жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) шағын және орта бизнес (ШОБ) үлесін 50%-ға дейін жеткізу керектігін айтқан болатын, - деп атап көрсетті "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев орталық коммуникация қызметіндегі брифингте. - Ол кезде бұл қолжетпестей көрінген еді. Дегенмен, қазір, бірнеше жыл өткеннен кейін... Егер 2006 жылы ШОБ үлесі 9,8%-ды құраса, ал 2015 жылдың қорытындысы бойынша біз 25,6%-ға қол жеткіздік".

Соңғы он жыл ішіндегі бизнестің даму беталысы тұрақты деп бағалануда, ШОБ-тың белсенді жұмыс істеп жатқан субъектілерінің саны 206%-ға артқан, ШОБ-пен айналысушылардың саны 168%-ға өскен. Он жыл ішінде ШОБ өнімін шығарудың көрсеткіші 1027%-ға, еңбек өнімділігі 614%-ға өскен. Белсенді жұмыс жасап жатқан ШОБ субъектілерінің саны 1,2 млн. теңгені құрайды. Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік ірі жұмыс беруші болып, 2015 жылдың қорытындысы бойынша ШОБ кәсіпорындарында 3 миллионнан астам адам жұмыс істеуде.

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Төлеміс Шотановтың айтуынша, қазіргі таңда елімізде бизнесті дамыту үшін барлық қажетті инфрақұрылым құрылған. Әрбір ауданда (Қазақстанда барлығы 188 аудан) кәсіпкерлерді қолдау орталықтары жұмыс істейді, ол жерде әрбір істі жаңа бастап жатқан бизнесмен барлық қажетті ақпаратты ала алады. "Бизнесмен үшін не қажет? Бизнесменге керегі ақпарат, оқыту және кеңес беру, қаржыландыру және ең бастысы өнімді өткізу,- деп түсіндіреді Төлеміс мырза. - Бұл жағынан қызмет көрсетудің толық пакетін, барлық аспабын толықтай ұсынуға тырысамыз. (...) Біз 15 минут ішінде кәсіпорынды тіркеу, барлық әкімшілік кедергіні алып тастау сияқты ерекше жағдайды жасай аламыз, бірақ егер өнімімізді ешқайда өткізе алмайтын болсақ, онда бизнесіміз тұрып қалады".

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында сараптама жүргізіліп, келешегі бар үш өткізу нарығы белгіленген. Бұлар - Қытай, Ресей, Иран. "Бұл орналасу тығыздығы мен халық саны жағынан үлкен нарық, бұл біз үшін басымдылық болып табылады. Бұл қатынаста біздің еншілес құрылымымыз, Қазақстанның ішкі сауда палатасы бар. Ол біздің кәсіпкерлерімізге ішкі нарыққа шығуға көмектеседі. Сонымен қатар, 17 миллион адам - бұл ішкі нарық екенін ұмытпаған дұрыс және бұл жерде кәсіпкерлерге ең бірінші ақпарат алу керек", -деп пайымдайды Шотанов.

Істі жаңа бастаған кәсіпкерлерге ақпарат алуда қиындықтар жиі туындайды. Сол себепті, Ұлттық кәсіпкерлер палатасында "Үкімет бизнес үшін" тұжырымдамасы әзірленді, оның бір бөлімі арнайы анықтама жасауды қарастырады. "Істі жаңа бастаушы кез-келген кәсіпкер өз бизнесінің көлемін, қызмет түрін, бизнес айналымын көрсетіп, мемлекеттік қолдаудың қандай шараларына сене алатындығы жайында ақпарат ала алады",- деп Төлеміс Шотанов идеяның мәнін түсіндіріп кетті.

Бұдан басқа, ҰКП-ның үкімет қарауына ұсынып отырған біршама институционалдық мәселесі бар. Жеке тоқталатын болсақ, қазіргі уақытта агроөнеркәсіп саласындағы бизнесті дамыту үшін барлық бос жер телімінің ашық электрондық мәлімет базасын жасау қажет, жер телімдерін бекітілмеген бас жоспарынсыз, құрылыс салу жоспарының жете жоспарынсыз ұсыну, жер телімін ұсыну қызметін бірыңғай электронды форматқа көшіру, жер салығын реформалау керек және т.б.

Сонымен қатар, АӨК өнімінің дәстүрлі түрлері бойынша экспортты бағыттың динамикалық өсуі басым болуы үшін, агро өнеркәсіп кешенінің өңірлік дамыту бағдарламасын түзету қажет. Ұлттық палатадағылар ішкі сұраныстың негізінде құрылған импортты алмастыру онша тиімді болмайды деп есептейді.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерін өндіруді арттыру керек. Аталған өнімді сатудан түсетін экспорттық жиынтық түсім екі есеге, яғни, 5 млрд. долларға немесе 1,8 трлн. теңгеге артуы мүмкін. Ал бұл құндық шамадағы Қытай агроөнімі импортының 6,3% -ы немесе Ресейдің барлық импортының  7,4%-ы. Осылайша, Қазақстан Қытай мен Ресейге агроөнімді экспорттаушы-елдердің ондығына кіреді.

ҰКП қаржының, сатып алудың қолжетімділігі, ресурстардың қымбаттығы немесе қолжетімсіздігі, әкімшілік кедергілер, жемқорлық, саланы монополиялау мәселесіне қатысты, сонымен қатар үлкен айыппұлдар бизнестің дамуына кедергі болатын негізгі мәселелер деп  атап көрсетеді. Осы мәселелерді шешу үшін еліміздің әр өңірінде заңнамалық деңгейде республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын бизнесті қолдау қорын құру ұсынылуда. Оның функциясы - істі жаңа бастаған кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беруді ұсыну және ауылдық бизнесті дамытуға көмектесу. ҰКП-ның өңірлік филиалдары әкімдіктермен бірлесіп жобаларды несиелендіру бойынша шешімдерді қабылдауда толықтай дербестікке ие болады.

Лилия Ахметова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу