"Бизнеске қойылатын санитарлық талаптар өзектілікті қажет етеді"

3013

"Атамекен" ҰКП кәсіпкерлерден талап етілетін санитарлық ережелерге тексеру жүргізеді.

"Бизнеске қойылатын санитарлық талаптар өзектілікті қажет етеді"

"Атамекен" ҰКП азық-түлік өнімдерін өндірудің, сақтаудың, тасымалдаудың, жоюдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа технологияларды енгізуге байланысты бизнесті жүргізудің санитарлық ережелерін жаңарту және ескірген стандарттарды жою қажет екендігін айтып отыр. Ұлттық палата осы мақсатта  азық-түлік өндірісі және қоғамдық тамақтандыру нысандарындағы санитарлық ережелерді тексеруді бастады. Бұл туралы inbusiness.kz-ке "Атамекен" ҰКП-ның қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің сарапшысы Дәурен Сатқанбаев мәлім етті.

"Бастапқы кезеңде кондитерлік өндіріс орындарына, кондитер өнімдерін өндіруге, қаптауға, тасымалдауға, сақтауға, сатуға, кәдеге жаратуға және жоюға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру нысандарына арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды тексеруді таңдап алдық",- Дәурен Сатқанбаев.

Солардың бірі тәулігіне шығаратын кремді өнімі 100 келіден,  кремсіз өнімі 300 келіден аспайтын кәсіпорынды санитарлық-қорғалған аумағымен қоса 50 метрден кем емес жеке тұрған ғимаратта орналасуға міндеттеуге қатысты. Ал қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын санитарлық ереже шығаратын кремді өнімінің салмағы 300 келіден, кремсіз өнімі 500 келіден аспайтын кондитерлік өнімдер шығаратын кондитерлік цехтары бар мекемелерді тұрғын үй ғимараттарына жапсарлас салынған орынжайда орналастыруға мүмкіндік береді.

Ұлттық палата 2017 жылы "Атамекен" мүдделес қауымдастықтармен және сарапшылармен бірлесіп бақылаушы мемлекеттік органдардың тексеру парақтарына тексеріс жүргізгенін еске салып кетті. Кәсіпкерлерге қатысты талаптардың  58%-ға қысқарғаны, оның ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қолайлық саласында 41 тексеру парағындағы талаптар 85%-ға, санитарлық ережелердің 11500 талабынан тексеру парағына 1743 ереже қосылғаны - осы жұмыстың қорытындысы .

Карина Алимова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу