Боксшы Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында жеңіліп, күмісті місе тұтты

250

Жерлесіміз ақтық айқаста ол иорданиялық Зеяд Ишаишқа есе жіберді.  

Боксшы Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының финалында жеңіліп, күмісті місе тұтты Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіліп қалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Төрехан алғашқы раундта 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раундта қарсыласы есепті теңестіріп, шешуші үшінші раундқа боксшылар тең жағдайда шықты.

Соңғы раундта Ишаиш басым болып, Сабырхан жарысты екінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов чемпион атанған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу