"Бұйрықты Трамп берген!": АҚШ Иранға кезекті рет соққы жасады

Кеше ғана "Атысты тоқтату режимін өрескел бұзды!" деген себеппен Вашингтонның Тегеранға шабуыл жасағанын жаздық.   

"Бұйрықты Трамп берген!": АҚШ Иранға кезекті рет соққы жасады Фото: Sasan/Middle East Images/SIPA/picture alliance

Бұл Ормуз бұғазындағы сауда кемелеріне жасалған ирандық шабуылдарға жауап ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы X әлеуметтік желісінде соққы жасау туралы бұйрықты АҚШ президенті Дональд Трамптың бергенін мәлім етті. Десе де, әскерилер жаңа шабуылдардың нақты қай нысандарға бағытталғанын жарияламады.

Жаңа шабуыл жасалмас бұрын Вашингтон екі аптадан аса уақыт бұрын тоқтатылған Иран мұнайына қатысты санкцияларды қайта күшіне енгізген.

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багаи "АҚШ біржақты әрекеттері арқылы келісімді іс жүзінде бұзды" деп отыр.

– Иран өзінің егемендігі мен ұлттық мүддесін қорғау үшін барлық қажетті шараны қабылдайды, – деп жазды ол.

Тегеран да қарап қалмайтыны анық. Олар да АҚШ-тың алғашқы соққыларына жауап шараларын жариялады. Кувейт пен Бахрейн де Иран тарапынан атқылау болғанын растаған. Бұл шабуылдар үшін жауапкершілікті Ислам революциясы сақшылар корпусы өз мойнына алды. Олар АҚШ-тың Хормозган және Махшахр провинцияларындағы жағалаудағы базалар мен азаматтық нысандарға жасаған әуе шабуылдарына жауап ретінде Кувейт пен Бахрейндегі америкалық әскери нысандарды атқылағанын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу