Черчесов өзіне шаң жуытар емес

Футболдан ұлттық құрамамыз кезекті рет жеңілді. 

Черчесов өзіне шаң жуытар емес Фото: Чемпионат

Ең өкініштісі, қарсылас қақпасына әлі бір де бір гол соға алмай келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бас бапкер Станислав Черчесов бұл жайттарды қалыпты деп қабылдап жүр. Күні кеше командасы Норвегиядан 5:0 есебінен жеңілсе де, шешенсіп сөйлеуін тоқтатар емес. Өзі мұны "сылтау емес" деп отыр. 

– Бұл сылтау емес, біздің басымдық танытатын тұсымыз болған жоқ. Біз Астана қаласындағы синтетикалық алаңда ойнаған жоқпыз, онда қосымша артықшылық бар. Күнтізбе дайындыққа қосымша күндер болмайтын етіп жасалған. Бұған дейін ондай уақыт болды. Алдағы жылы Астана қаласына ораламыз. Десе де, бізді Алматы керемет қарсы алды. Синтетикалық алаңда ойнамағандықтан, біз қосымша артықшылыққа қол жеткізе алмадық. Регламент бойынша бізде дайындыққа қосымша уақыт болған жоқ. Аустриямен сырттағы ойынға қосымша екі күнді пайдалана алдық. Бізде бірнеше күн болуы үшін тиісті құжаттарды тапсырдым. Көптеген ойыншы бүгін тәжірибе алды. Қасым және Астанов секілді ойыншыларға уақыт берілді. Бұл ойымыз алдағы іріктеу кезеңдерінде жүзеге асады деген үміттеміз, – деді бас бапкер. 

Ұлттық құрама 6 ойында бір де бір гол соқпай, 1 ғана ұпай жинағандықтан, алдағы маусымда "С" лигасында доп тебуге мәжбүр. 

Қазақстандық футболшылар өз алаңында әуелі Норвегиямен 0:0 есебімен тең түссе, түзде 0:5 есебімен есе жіберді. Словенияға 0:3, 0:1, Аустрияға 0:4, 0:2 есебімен есе жіберді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу