Трамп Путинді "досым" деп, елді елең еткізді

807

Екі ел президенттері кездесуден кейін журналистерге сұхбат беруден бас тартты.

Трамп Путинді "досым" деп, елді елең еткізді Фото: Риа Новости

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммиті аясында АҚШ пен Ресей президенттері жүздесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Бұл – екі көшбасшының бір жылдан астам уақыт ішіндегі алғашқы бетпе-бет келіссөзі. Кездесу шамамен 40 минутқа созылған. Келіссөздер басталар алдында Трамп Путинді "досым" деп атады. 

"Бұрыннан бері қарым-қатынасымыз өте жақсы. Бір-бірімізді көп жылдан бері танимыз. Осы кездесудің нәтижесінде көптеген жақсы істер жүзеге асады деп ойлаймын", – деді АҚШ президенті. 

Ресей президенті көпшілік алдында мәлімдеме жасаған жоқ. Келіссөздерге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, қаржы министрі Антон Силуанов, Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков және арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қатысты. Ал АҚШ делегациясы құрамында мемлекеттік хатшы Марко Рубио мен қаржы министрі Скотт Бессент болды.

Кездесу аяқталған соң Вашингтон да, Мәскеу де келіссөз нәтижесін жарияламады. Сондай-ақ екі ел президенттері журналистерге сұхбат беруден бас тартты. 

Трамп пен Путиннің жеке кездесуі соңғы рет 2025 жылдың тамызында Аляскадағы Анкоридж қаласында өткен болатын.

Айта кету керек, бұған дейін Дональд Трамп Си Цзиньпиннің сөзін тыңдап отырып "қалғып кеткенін" жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу