БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Трамптың Газа секторына қатысты бейбіт жоспарын қолдады

81

Ресей мен Қытай дауыс беруден қалыс қалды.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Трамптың Газа секторына қатысты бейбіт жоспарын қолдады Фото: БҰҰ

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторына қатысты бейбіт жоспарын қолдайтын қарардың жобасын қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 елдің 13-і Вашингтон ұсынған құжатқа дауыс берді. Ал Ресей мен Қытай қалыс қалды. Бұған дейін G7 елдері, сонымен қатар Қатар, Мысыр, БАӘ, Сауд Арабиясы, Индонезия, Пәкістан, Иордания және Түркия АҚШ ұсынған қарарды қабылдауға шақырған болатын.

Жоспарға сәйкес, секторда тұрақтылық орнату үшін халықаралық күштер құру, Еуроодақ, Ұлыбритания мен АҚШ-та террористік ұйым деп танылған ХАМАС қозғалысын қарусыздандыру көзделіп отыр. Бұдан басқа құжатта өтпелі палестиналық әкімшілік құру да ұсынылған.

Дауыс беруге дейін Израиль резолюцияда палестиналық мемлекетті құруға қатысты тармақтың болуына байланысты сын айтты. ХАМАС ұйымы да қарар жобасын сынға алды.

Айта кету керек, бұған дейін Нетаньяху Палестинаны мемлекет ретінде мойындауға қарсы екенін тағы айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу