Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Үкімет басшысының айтуынша, Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, халықаралық тасымалдар үшін отандық жүк техникасына сұранысты ынталандыру, оның ішінде жеңілдікпен лизингті кеңейту жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.
Бұдан бөлек, Өнеркәсіп министрлігі импортты алмастыруды дамыту бойынша басым бағыттарды айқындап, оларды Қазақстанда локализациялау шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.
"Жалпы қарапайым сөзбен айтатын болсақ, біз бюджеттен қаражат бөлсек, оны игеретін компания қазақстандық болуы керек, олар ақшаға сатып алынатын материалдар, тауарлар қазақстандық болуы керек. Оп-оңай қағидат. Оны бәріміз ұстануымыз керек. Ал егер Қазақстанда қандай да бір тауар өндірілетін болса, біз oны сатып алмай, импорттап алып келетін болсақ, ол мемлекет мүддесіне қайшы келетін әрекет. Оны үзілді-кесілді деп айту керек. Үкімет мүшелеріне және өңір басшыларына айтатыным, ескеріңіздер", – деді Олжас Бектенов.
Айта кету керек, бұған дейін Бектенов ауыл шаруашылығында тыңайтқыш өндіру көлемін арттыруды тапсырғанын жазғанбыз. Жыл басынан елімізде 936 мың тонна тыңайтқыш өндірілген.