Цемент зауытында бір аяғынан айырылған азамат Тоқаевтан көмек сұрай келді

1097

Қарағанды облысының Ақтау кентіндегі "Орталық Азия Цемент" цемент зауытының бұрынғы жұмысшысы Виталий Саврей зауыт басшылығының қылмыстық жауапкершілікке тартылуын айтып, мемлекет басшысы Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Цемент зауытында бір аяғынан айырылған азамат Тоқаевтан көмек сұрай келді Фото: Аяжан Төлендиева

Ол 2013 жылы 18 жасында кәсіпорындағы жазатайым оқиғадан бір аяғынан айырылған. Мемлекеттік комиссияның тексерісінен соң, жұмыс берушінің жазатайым оқиғаға қатысты заң бұзушылықтарын анықталған.

Виталий Саврей басшылардан оған зауытта лайықты жұмыс тауып беруді өтінгенімен, оны жұмысқа алмаған. Оның айтуынша, бұрынғы басшылық тұрғын үйге, жоғары оқу орнына түсуге және жарақат үшін өтемақы төлеуге көмектесуге уәде бергенімен орындамай отыр.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан және өзге де құзырлы орындардан жағдайға араласуды және зардап шеккен зауыт жұмысшылары үшін әділеттілік орнатуын сұраймын. Жұмысшылардың құқығын қорғау үшін тиісті шаралар қабылданады деп үміттенемін. Зауыт басшысы Ресей азаматы болғандықтан, тиісті жауапкершілікке тартылмай келеді. Ал мен мүгедек болғандықтан, жұмысқа жарамсыз болып қалдым", - дейді ол баспасөз жиынында. 

"Орталық Азия Цемент" цемент зауыты Қазақстандағы ең ірі кәсіпорынның бірі, бірақ қауіпті еңбек жағдайларына байланысты зардап шеккен жұмысшылар әділ шешімге қол жеткізе алмай келеді.

Соның бірі, цемент зауытының аумағында қайтыс болған кәмелетке толмаған Илья Асановтың анасы Татьяна Асанова тергеуді қайта бастауды және зауыт басшылығы мен ИТР құрамын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап ететіндігін жеткізді. Зауыт басшылығы оған ұлынан айырылғаны үшін өтемақы төлемеген.

Татьяна Михайловнаның айтуынша, оның кәмелетке толмаған ұлы өндірістегі жұмыстарға, атап айтқанда "Орталық Азия Цемент" АҚ аумағында жанып жатқан бункерге түсіп қаза тапқан.

"Қылмыстық істі тоқтату туралы ешқандай хабарлама немесе қаулы алған жоқпын. Ал айыпталушылар рақымшылық туралы заңға ілігіп, ұлымның өлімі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмай отыр", - дейді Татьяна Асанова. 

Айта кетелік, бүгін Қарағанды облысының Ақтау кентіндегі "Орталық Азия Цемент" цемент зауытының бұрынғы жұмысшылары шағым айту үшін арнайы Астанаға келді. Олардың арасында қайтыс болған туыстары үшін әлі күнге өтемақы ала алмай жүргендер бар.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу