Бағдат Мусин: Біздің мақсат – ХҚО-ларға келетін адам санын азайту

7710

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адамның аз келуін – өз жұмысының басты мақсаттарының біріне теңеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  

Бағдат Мусин: Біздің мақсат – ХҚО-ларға келетін адам санын азайту

"Қазақстан Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жылына ипотекаларды тіркеу, рәсімдеу үшін шамамен 200 мыңдай адам келеді екен. Біз үшін банктердің цифрландыруға көшіп, осы бағытта жұмыс істеуі – ХҚО-ларға келетін адамдардың санын азайтады. Жалпы ХҚО-ларға халық ең көп келетін 7 қызметті анықтадық. Сол қызметтердің ішінде халық жылжымайтын мүліктерді сатып алуды тіркеу үшін көп жүгінетіні айқындалды. Сондықтан барлық банк осындай сервистерді қолданып, ипотека болсын, кепілдіктер болсын – тіркеуден өткізуді электронды форматқа көшірсе, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келетін адамдар азаяды. Біздің басты мақсатымыз сол",  деді министр елордадағы цифрлық баспана бағдарламасын таныстыруда.

Министрдің айтуынша, пандемия кезінде геометрия арқылы есепшот ашу жағдайлары көп тіркелген. Сонымен қатар несие бюроларының ашықтығы қамтамасыз етілген. Ал жылжымайтын мүлік тіркеушісімен бұрын тек нотариус арқылы байланыс болса, бүгін де нотариустар да банктермен интеграцияны күшейткен.

"Блокчейн инфрақұрылымымен жылжымайтын мүліктің мемлекеттік базасын реттеп жатырмыз. Былтырғы жылдың соңында ипотека цифрлық тұрғыда тіркелетініне уәде еткенмін. Өйткені пандемия кезінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына адамдардың көп келуінің өзі де қауіпті екенін көрсетті. Сондықтан автокөліктерді тіркеу ісін электронды форматқа көшіріп, банктермен жұмыс істеп жатырмыз. Одан бөлек басқа да қызметтерді осы сипатқа ауыстыруды көздейміз", деді ол.

Бағдат Мусин өзі жетекшілік ететін министрліктің басты мақсаты – актуалды деректер базасын сақтау екенін айтады. 

"Егов болсын, ХҚО болсын адамдар көп келген кезде жұмысы тоқтап қалуы мүмкін. Сондықтан осы сервистердің барлық жерде қолжетімді болуы біздің басты қағидаттарымыздың бірі. Пандемия бізге соны көрсетті", дейді Бағдат Мусин.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу