Мұны дүниежүзі бойынша ең ірі платформалардың бірі Score 90 жасаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Басылым үздік жас футболшыларды түгел қамтып, оларды жасына қарай іріктеген. Рейтингке 2005-2008 жылдары туған үздіктер енді. 2008 жылғы, яғни 17 жастағы футболшылар арасындағы ТОП-5 тізімде Дастан Сәтпаев та бар.
1. Леннарт Карль (Германия, "Бавария");
2. Ибраим Мбайе (Сенегал, "ПСЖ");
3. Нгумоа Рио (Англия, "Ливерпуль");
4. Хонест Аханор (Италия-Нигерия, "Аталанта");
5. Дастан Сәтпаев (Қазақстан, "Қайрат" – "Челси").
Айта кетейік, бұл қазақстандық футболшының әлемдік басылымдардың рейтингіне алғаш рет енуі емес. Бұған дейін британдық The Guardian газеті әлемдік футболдағы ең үздік 60 футболшыны анықтады. Ол тізімді де Қазақстан ұлттық құрамасының және алматылық "Қайраттың" шабуылшысы толықтырды.
Сондай-ақ, Дастан Сәтпаев Чемпиондар лигасында гол соққан ең жас футболшылардың үздік үштігіне енді.