Футболшы Дастан Сәтпаев әлемдегі ең таңдаулы тізімге ілінді

Рейтингті британдық танымал The Guardian газеті жасаған.

Футболшы Дастан Сәтпаев әлемдегі ең таңдаулы тізімге ілінді Фото: ҚФФ

Жылдың ең үздік жас футболшылар тізімінде қазақстандық ойыншы да ойып тұрын орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Осылайша, "Қайрат" футбол клубының түлегі әрі Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев әлемдегі ең жас үздік футболшылардың сапынан табылды. Ол – қазақ футболшыларының арасынан бұл тізімге ілінген жалғыз әрі тұңғыш ойыншы.
Айта кетейік, жер-жаһанның үздіктері қатарын танымал клубтардың жас таланттары да толтырып отыр. 

Олардың арасында "Барселона" сапынан вингер Тони Фернандес пен жартылай қорғаушы Нико Гильен бар. Сондай-ақ, "Боруссия Дортмундтан" италиялық шабуылшы Самуэль Инасио және "Баварияның" жартылай қорғаушысы Карл Леннарт та төбе көрсетеді. Ал "Пари Сен-Жерменнің" жас форварды Ибрагима Мбайе де үздіктер қатарынан көрінген. 

Дастан Сәтпаев – Лондонның "Челси" клубына шақырту алған футболшы. Ол 18 жасқа толса бірден сол командаға ауысады. 

Бұған дейін елдегі ең қымбат футболшы саналатын Дастан Сәтпаевтың қанша жалақы алатыны белгілі болған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу