Ол қазақ футболы тарихындағы қымбатқа бағаланған ойыншы атанып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
БАҚ беттерінде тараған ақпараттарға сенсек, мәміле құны 4,3 миллион еуро болған. Тиісінше, келісімшарт бойынша қазақ футболшысы айына 14 мың фунт (шамамен 8,7 миллион теңге) жалақы алады.
Дастан Сәтбаевтың 2026 жылға дейін "Қайрат" футбол клубында ойнайтыны бұған дейін де жазылды, айтылды. Десе де, "Челсидің" жаттықтырушысы онымен жеке бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Оның ойындарға қатысуы не қатыспауын лондондық клуб шешеді.
Келісімшартта Сәтбаевтың жалақысы ата-анасына жіберілетіні, өзі бұл қаражатты 22 жасқа толғанда ғана алатыны жазылған.
Дарынды футболшы кәмелеттік жасқа толғанша алдағы екі жыл Қазақстанда доп тебеді, содан соң ғана "Челсиге" ауысады.
Бұған дейін Сәтбаевтың "Челси" сапына ресми ауысқанын жазған едік.