Дәурен Абаев: Шенеуніктер журналистердің соңынан өздері жүгіреді

Саяжан Каукенова Саяжан Каукенова
8323

Журналистер шенеуніктің соңынан жүгіретін уақыт бітті. Біраз уақыттан соң шенеуніктің өзі Сізге келіп өзінен пікір алуды сұрайды.

Дәурен Абаев: Шенеуніктер журналистердің соңынан өздері жүгіреді Фото: Мария Матвиенко

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев жақын болашақта журналистер қызметінің ерекшелігі қалай өзгереді және "БАҚ туралы" заңның жаңа редакциясы қандай болатыны туралы айтты.

- Дәурен Әскербекұлы, Сіз журналистермен ашық қарым-қатынас жасауға дайын министрлердің бірісіз, журналистердің қалай жұмыс істейтінін жақсы білесіз. Қазір қоғамда егжей-тегжейлі талқыланып жүрген заң жобасы – "БАҚ туралы" заң жайлы әңгімелейтін уақыт келген сияқты. Ол интернетті реттеу туралы. Егер бізде бұрын интернет-теледидар, блогосфера болмаса, қазір оның барлығы жедел дамып жатыр. 25 қарашада бұл заң жобасы жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өткенін білемін. Осыған байланысты жұмыс тобының мүшелері қандай жаңа ұсыныстар айтты?

- Шынымен де, біз қазір "БАҚ туралы" заң жобасын енгізіп жатырмыз. Оның төрт кодекс пен 12 заңға қатысы бар. Біз шамамен 200-ге тарта түзетулер енгізіп жатырмыз. Біз үлкен жұмыс жүргіздік. Ақпарат және коммуникация министрлігіне қатысты енгізу қажет болған барлық мәселені – шамамен 200-ге жуық жұмысты талдап шықтық. Алғашқы күннен бастап біз барынша ашық ұстанымды негізге алдық. "БАҚ туралы" заң 1999 жылы шыққан және оның ескіргенін мойындауымыз керек. Оны бүгінгі күннің шындығына барынша жақындату керек екенін түсінеміз. Бұл тек қана "БАҚ туралы" заңға қатысты емес, сонымен қатар, "Телерадио хабарларын тарату туралы", "Байланыс туралы" заңдарға қатысы бар. Тағы да ілескен бірнеше заң бар. Сондықтан біз мұндай үлкен жұмысты барынша ашық әрі айқын орындап отырмыз. Бұл ретте мен қоғамға, оның ішінде жекелеген түзетулерге алаңдаушылық білдіріп жүргендерге алғыс білдіремін. Жалпы, заңнама қолдау тапқанын мойындау керек. Бөлек мәселелер мен ерекшеліктер бар, әрине. Құрамында шамамен 60 адамы бар жұмыс тобының мүшелері 200-ге тарта ескерту айтты. Біз қазір солардың төңірегінде жан-жақты жұмыс істеп жатырмыз.

- Әңгіме қандай өзгерістер туралы болып отыр?

- Мысалы, жеке мәліметтер. Біз заң техникасын түзеттік, ресми хабарламаларға, баспасөз қызметіне бірқатар нақтылау енгіздік. Олар өте көп. Біраз уақыт санамалап отыруға болады. Біз толық салыстыру кестесін жақын арада жариялауға дайынбыз. Тағы да барлық мүдделі сарапшыны құжатпен мұқият танысуға шақырамын. Қазір біз оны мемлекеттік мекемелерге келісу үшін жіберіп отырмыз, меніңше олар да белгілі бір өзгертулер енгізер. Біз қашанда ашықтық пен айқындықты ұстанамыз.

- Менің білуімше, заң жобасының концепциясы онлайн-тәртіпте талқылауға салынды. Қазақ елі талқылау үрдісінде қаншалықты белсенділік танытты? Әлеуметтік желілерде негатив болды ма?

- "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" заңға сәйкес, бізге заң жобасының концепциясын алдын-ала жариялау талап етіледі. Біз оны электронды үкіметтің сайтына жарияладық. Не дегенмен, біздің халқымыз құжаттар туралы ашық пікір білдіруге, пікірталасқа қатысуға және талқылауға әлі дайын емес. Сондықтан біз пікірлердің біразын әлеуметтік желілерден алдық, онда халық көбірек пікір білдірді. Себебі, пікір концепция орналастырылған электронды үкімет порталында жазылса, біз пікірді назарға алуға міндеттіміз. Ал біз концепцияны талқылау қалай жүріп жатқанын сырттан бақыладық (әлеуметтік желілерде) және көпшілігін сол жерден алдық. Концепцияны талқылау кезеңінің өзінде белгілі бір өзгертулер енгіздік.

- Әлеуметтік желілерге қатысты... Сіз қалай ойлайсыз, интернетте жұмыс істеуді дамытуға қатысты бұл заң жобасында ойды неге шоғырландыру керек?

- Блогерлерге қатысты... Қазақстанда бір нәрсе жұмыс істеуі үшін ұғымды аппарат болуы тиіс, бұл – әлемдік тәжірибе. Өкінішке қарай, 1999 жылғы "БАҚ туралы" заңда бұл туралы көп мәселе жоқ.

- Яғни, сіз дефиницияны айтқыңыз келіп отыр ма?

- Дәл таптыңыз. Айтып өткенімдей, 1999 жылғы "БАҚ туралы" заңда көп мәселе қамтылмаған. Бізге кері байланысты орнату үшін, оларға ұсына алу үшін барлық дефиницияны жазып шығуымыз тиіс. Мұның барлығы ерікті түрде жасалады, ешкім ешкімді мәжбүрлемейді, ешкім сен міндеттісің демейді. Бізде кейбір елдердегідей белгілі бір жазылушылар санын жинаған блогер ғана блогер атанатын норма жоқ.

- Көпшіліктің аузында сан алуан пікір айтылып жүр. Сіздің ойыңызша, мемлекеттік арналарға түсіп отырған мемлекеттік тапсырыстың көлемі азая ма? Жалпы, бұл сала қалай дамиды?

- Мен бұл мәселеге қатысты пікірімді білдірген болатынмын. Бір нәрсе айтқым келеді – біз мемлекеттік тапсырыс, бірінші кезекте, ашық және айқын болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Ол үшін мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың әдіснамасын өзгертеміз. Мен мысал келтірген болатынмын және бұл құпия емес, 2016 жылы "Қазақстан" телеарнасына шамамен 15-16 млрд теңге, тіпті, одан да көп қаржы бөлінген болатын. Бір қарағанда, бұл өте көп ақша, бірақ, "Қазақстан" корпорациясының ішінде 23 БАҚ бар екенін ескеруіміз қажет. Яғни, 4 радио, аймақтық желі, "Қазақстан" арнасы әр ауылда көрсетуі үшін тарату желісі – ол үшін ақы төлеу керек, бұл жұмысшылар штаты. Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс бүгінгі күні бар және болады да. Бірақ бір құпияның бетін ашайын. Нақты түзетулерді енгізіп қана қоймай, жалпы 2018 жылдан бастап барлық талапқа жауап беретін жаңа заң жобасын әзірлеуге кірісу керек және сонда мемлекеттік ақпараттық тапсырыс айтарлықтай өзгерер. Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты реформалауды бастамас бұрын, үлкен ілеспе жұмыстарды – тарифтерді өзгерту, тәсілдерді өзгерту, жүйені қалыптастыруды орындау қажет. Біз бұл жұмыстың барлығын байыптап отырмыз. Біздің министрлік мамыр айында ғана құрылды және бізден қалыптасқан жайларды бірден өзгертуді талап ету қиындау болады. Онда бүтін бюджеттік бағдарламалар бар ғой. Бұл жұмыс барлық аспектілерді ескере отырып жүргізілуі тиіс.

- Сізде бастамалар өте көп екенін білемін. Берген сұхбатыңызда сіз жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың БАҚ-пен қалай қызмет жасаудың небір нормалары мен қағидаларын жасап жатырмыз дедіңіз. Бұл қағидаларда не болады? Сұранысқа жауап алу мерзімін қалайша қысқартуға болады? Өз тәжірибемнен білемін, жауапты уақытында алу деген – өте қиын шаруа.

- Жауап алу мерзімдері – бұл жазылып қойған нормалар. Жаңа заң жобасында біз оны сәл нақтылаймыз, жеңілдетеміз. Ендігі кезекте, белгілі бір редакцияда сұранысқа ең басты адамның қол қоюы міндетті болмайды, осы БАҚ-та жұмыс істейтін журналистің қолы жеткілікті болады. Біз мұндай тәртіптерді жеңілдетеміз. Тағы бір мәселе, журналистердің шенеуніктің соңынан жүгіру қажеттілігі өзгеретін уақыт келеді. Біраз уақыттан соң шенеуніктің өзі Сізге келіп өзінен пікір алуды сұрайды. Себебі, БАҚ-пен жұмыс істеу тиімділігі мемлекеттік органдардың қызметі мен тиімділігіне әкеп соқтырады. БАҚ – бұл төртінші билік екенін қазір бәрі де түсінеді. Олар өздері толғағы жеткен мәселелерді шешу үшін пікір білдіруге асығады. Себебін барлығы біледі, егер негатив туындаса, ол уақыт өте келе үсті-үстіне жинала береді. Сол үшін ең басында мәселенің анық-қанығына жетіп, шиеленісті шешу керек. Бұл мемлекеттік органдардың өздеріне де жақсы. Бұл – мемлекеттік органдар тиімділігінің қарапайым өлшемдерінің бірі болмақ.

- Үнемі барлығы мемлекеттік органның басшысына тәуелді бола бермейді, БАҚ-тың ресми сұранысына көбіне орындаушы жауапты. Сұранысқа мерзімінде жауап бермеген адамдар (орындаушылар) үшін әлдебір жауапкершілік көзделе ме?

- Менің айтып отырғаным да – осы. Егер белгілі бір министр табысты болғысы келсе, онда ол тек БАҚ-пен қарым-қатынас орнатып қана қоймай, өз қарамағындағылармен де белгілі бір жұмыс жүргізуі керек. Олар нәтижелі және ашық болу керектігін түсінгеннен кейін ғана барлығы жақсарады.

- Уақыт бөліп, сауалдарымызға жауап бергеніңіз үшін көп рақмет!

- Сізге рақмет!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу