Давид Лория ҚФФ бас хатшысы қызметінен кетті

120

Бұл қызметке 2025 жылдың 2 сәуірінде тағайындалған болатын. 

Давид Лория ҚФФ бас хатшысы қызметінен кетті Фото: kff.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы қызметінен кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дерекккөздерге сүйенсек, ҚФФ атқарушы комитетінің сырттай өткен дауыс беру қорытындысында 11 мүшенің 6-ы Лорияның қызметтен кетуін қолдаған. Оның ішінде 5 адам "жақтап", 3-еуі қарсы дауыс берсе, тағы 2 мүше қалыс қалған.

Бұл шешім қазақстандық футбол үшін маңызды саналады. Себебі ҚФФ жарғысына сәйкес, бас хатшы федерациядағы көптеген мәселелерге жетекшілік етеді және құжаттарға қол қою құқығына ие.

Айта кетейік, атқарушы комитет құрамына ҚФФ президенті Марат Омаров, сондай-ақ белгілі кәсіпкерлер Михаил Ломтадзе, Тимур Турлов, Қайрат Боранбаев, Қайрат Оразбеков және футбол саласының өкілдері кіреді.

Давид Лория Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы, ұлттық құрама сапында 46 матч өткізген. Сондай-ақ UEFA MIP бағдарламасының түлегі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу