Депутаттар Құрылтай мінберінде құттықтаулар жолдай алмайды

245

Депутаттық әдеп қағидалары бар.   

Депутаттар Құрылтай мінберінде құттықтаулар жолдай алмайды Фото: kazpravda

Құрылтай депутаты Снежанна Имашева депутаттық әдепке қатысты нормаларды түсіндіріп өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутаттың сөзінше, Құрылтай регламентінің 26-тарауында депутаттық әдепке қатысты нормалар бар. 

"Құрылтай депутаттарының Депутаттық әдеп қағидаларында олар депутаттық өкілеттігін атқарған кезде, сондай-ақ оны атқармаған кезде басшылыққа алуға тиіс мінез-құлық нормалары айқындалады. Бұл нормалар мынадай: жоғары деңгейде мінез-құлық мәдениетін ұстану, әдеп нормаларын сақтау, әдептілік таныту, бір-біріне және Құрылтайдың, оның үйлестіру, жұмыс және консультативтік-кеңесші органдарының, депутаттық бірлестіктердің жұмысына қатысатын барлық басқа да адамдарға сыйластықпен қарау. Сондай-ақ сөйлеген сөздерінде депутаттардың және басқа да адамдардың 
ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін негізсіз айыптауды, дөрекі, қорлайтын сөздерді қолданбау", – деді Снежанна Имашева Құрылтайдың жалпы отырысынан кейін өткен брифингте.

Сонымен қатар депутаттар Құрылтайда заңсыз және күш қолданатын әрекеттерге шақырмауы тиіс. 

"Құрылтайдың, оның үйлестіру, жұмыс және консультативтік-кеңесші органдарының, депутаттық бірлестіктердің қалыпты жұмысына кедергі келтірмеу; Құрылтайдың, оның үйлестіру, жұмыс және консультативтік-кеңесші органдарының отырысында сөз сөйлеуді жеке өтініші мен депутаттық өкілеттікті жүзеге асыруға байланысты емес өзге де өтініш үшін пайдаланбау; сөйлеушінің сөзін бөлмеу; басқа адамдардың сөзіне түсініктеме бермеу сияқты нормалар да бар. Депутаттар өз әрекеттерімен намысқа тиетін қимыл-ишарат жасауға, сес көрсетуге және қорлауға жол бермеуі тиіс", – деп атап өтті Құрылтай депутаты. 

Айта кету керек, бұған дейін Құрылтайда этиканы бұзған депутаттар қандай жазаға тартылатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу