Деструктив позитивке алмасуға тиіс

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
7222

Ақпарат және байланыс министрі тұтастай елімізді "цифрландырумен" қамтамасыз етуге уәде беріп, журналистерді келешек туралы ойлауға шақырды.

Деструктив позитивке алмасуға тиіс

Ақпарат және коммуникация министрлігінің есептік алқа отырысы аяқталмай жатып, қоғам қайраткерлері мен  әлеуметтік желілерде блогерлерді елең еткізді.  Барлығы  алқа отырысының жинақылығын аңғарыпты: жылды қорытындылап, болашаққа жоспар құруға біржарым сағаттық уақыт кетті. Министрліктің басшысы Дәурен Абаев шынымен де ықшам, тіпті  министрлік жұмысының барлық бағыттары бойынша қысқа да нұсқа айтты.

Атап айтқанда,  ақпаратттық саясатқа келер болсақ, ақпан айында  2017 жылға арналған бірыңғай республикалық медиажоспар бекітілмекші. Ол жоспар үкіметтің барлық ақпараттық жұмысын біріктіретін болады.  Осы айда  республикалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге мемлекеттік тапсырысты орналастырудың  ережесі де бекітілмекші. Бұл аталған саладағы жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз етпекші.

Медиасалада министр бірқатар олқылықтарды да санамалап шықты. Мәселен,  әлеуметтік сауалнамаға жүгінсек, халықтың жарнаманың бет-бейнесіне, аймақтық контенттің жоқтығына,  Қазақстан туралы танымдық хабарлардың аздығына және қазақстандық телеарналардағы журналистердің кәсіби деңгейінің төмендегіне көңілдері толмайды екен.  

"Біздің телеарналар бұл жайында жақсылап ойланулары керек және көрерменді жаулау үшін қажетті іс-шараларды жасауға тиіс", – деп мәлімдеді Абаев мырза.  Министрлік  теледидар мен радионы дамыту жұмысындағы  басым бағыттарын айқындап та қойған. Олардың саны – алтау. Атап айтқанда, "шетелдік сериалдармен салыстырғанда отандық сериалдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру қажет".

"2017 жылы сериалдық өнімнің, оның ішінде коммерциялық телеарналардағы санын арттыру көзделген. Сериалдар негізінде кино прокаты жұмысын жандандыру үшін  толықметражды киноленталар жасалады", – деп түсіндірді министр.

Екінші бағыт ретінде ол "KPI жүйесін енгізу арқылы телерадио арналары қызметкерлерінің  біліктілігі мен кәсібилігін арттыру,  қызметкерлер құрамын конкурстық іріктеуді жетілдіру және кадрлық резервті қалыптастыруды" атады.

Үшінші басымдық – үстіміздегі жылдың наурызына жоспарланған "Ел арна" киноарнасын іске қосу. "Жоба  отандық киноматографияны дамытуға, жас режиссерді және тәуелсіз киностудияларды қолдауға, сондай-ақ халықтың сұранысын өтеуге мақсаттанған", – деп атап көрсетті АКМ басшысы.

Төртінші бағыт –  отандық телерадио арналардың еліміздің шекаралар аймақтарын қамтуы және сапалы хабар таратуы. Бесіншісі – отандық телеарналарды HD форматқа көшіру.

Министр "тек осыдан соң ғана  әлемнің озық ресурстарымен бәсекелесе алатындығымызға" сенімдімін деді. Алтыншы басымдық – бұл радио. "Биыл  цифрлы эфирлік хабар таратуды енгізу шеңберінде 244 радиотелевизиялық станция  құрылып, іске асырылады. Жылдың соңына дейін  еліміздің бірқатар өңірінде цифрлы хабар таратуға толықтай көшетін болады", – деп тоқталды министр.

Цифрлы хабар таратуға көшу жөніне келер болсақ, бұл жерде бірқатар кедергілер бар.  Абаев мырза бүгінгі таңда 2,4 млн адам "цифрлы"  хабар таратумен қамтылғанын айтып қалды.

"Қазіргі таңда "Қазтелерадио" жұмысы үйлесімге келтірілмегендіктен және рәсімдеулердің ұзаққа созылуына байланысты құрылысты мерзімінен кешіктіріп жатырмыз. 2017 жылға дейін  халықты 95% цифрлы эфирлік хабар таратумен қамтуымыз керек еді. "Зерде" холдингіне 2017 жылы  244 радио және теле станцияны іске қосуды тапсырамын. Бұл жоба  осы жұмысқа жетекшілік ететін  вице-министр мен "Зерде" холдингі басшысының бақылауында болады.  Жетекшілік ететін вице-министр әзірге жоқ, дегенмен жақын арада оны тағайындаймыз деп ойлаймын", – деді ол.

Министрліктің бақылаушы функциялары туралы сөз еткен Абаев мырза заңға қайшы контенттің көлемі өскенін баса айтты.  Аталған контенттің азаматтарымыз, әсіресе балалар мен жеткіншектер  арасында ірікті салу қаупіне бей-жай қарамау керегіне ерекше атады.

2016  жылы  интернет-ресурстардың меншік иелері мен әкімшілеріне 150 мыңнан астам ақпараттық материалдарға қатысты 500-дей  хабарлама хат жолданыпты.

Осының нәтижесінде олардың иелері лаңкестік пен экстремизм, қатыгездік, зорлық-зомбылық пен суицид идеяларын насихаттайтын заңға қайшы  110 мыңнан астам  материалдың көзін жойған. Сонымен бірге 31 мыңнан астам, оның ішінде қатыгездік пен зорлық-зомбылық, суицид және тағы басқаларын насихаттайтын 26 мыңдай ақпараттық материалға қатысты  ұйғарым шығарылды.  

АКМ тағы бір міндеті – коммуникация саласын дамыту. Абаев мырза 2015 жылы бекітілген "Ақпаратты Қазақстан-2020" мемлекеттік бағдарламасы өзінің жемісін бергенін әрі бұл  елімізді Дүниежүзілік банктің "Бизнес жүргізудің жеңілдігі", және заңды жетілдіру, және ақпараттық коммуникациялқ технологияларды дамыту рейтингінде  алға қарай ілгерлетті деп тілге тиек етіп өтті.

Ирина Севостьянова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу