Гонконг қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан U20 жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Максим Сажнев алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Шымкенттік жеңіл атлет диск лақтыру сайысында 60,45 метр нәтиже көрсетіп, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Осылайша ол құрлық біріншілігінің чемпионы атанды.
Максим Сажнев көрсеткен нәтиже оның жеке рекорды ғана емес, Қазақстанның U20 жас санатындағы жаңа ұлттық рекорды ретінде де тіркелді.
Жас спортшы ұлттық құрама қоржынына чемпионаттағы алғашқы алтын жүлдені салып, ел мерейін үстем етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу