Дизель отыны бағасының бөлшек саудадағы өзгерісіне не себеп

3506

Акциз мөлшерлемесі өсуінің әсері және қазіргі нарықтық үрдістері қандай? 

Дизель отыны бағасының бөлшек саудадағы өзгерісіне не себеп

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес 1 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттары өндіретін дизель отынына акциз мөлшерлемесі тоонасына 540 теңгеден 9300 теңгеге дейін өсті.

Қазақстанда дизель отынына акциз мөлшерлемесінің өзгеруі маусымдық сипатқа ие, яғни:

 - желтоқсанның басынан маусымның аяғына дейін - тоннасына 540 теңге;

 - шілденің басынан қарашаның аяғына дейін - тоннасына 9 300 теңге.

 Яғни, акциздік мөлшерлеменің нақты өсімі тоннасына 8 760 теңгені немесе литріне 7,5 теңгені құрады.

Көтерме бағаны белгілеу кезінде акциз салығының үстіне ҚҚС мөлшерлемесі (12%) қосылатынын ескерсек, акциз салығының бөлшек саудаға әсері шамамен литріне 8,5 теңге болады.

2019-2021 жылдар кезеңіндегі дизель отыны бағасының бөлшек саудада өзгеру динамикасы, биылғы бағалар 2019 жылғы 4-тоқсанмен теңгемен теңестірілгенін көрсетеді.  Сонымен қатар, доллармен есептегенде елімізде бөлшек саудада дизель отыны құны айтарлықтай төмендегені байқалады.

2020 жылды нақты мысал ретінде алуға келмес.  Өйткені бұл кезеңде жаһандық  елдерінде коронавирустық пандемия жағдайында мұнайға және басқа да энергетикалық ресурстарға деген сұраныс азайды. Бұл бағаның төмендеуіне әсер етті және сөзсіз, қазақстандық жанармай нарығында көрініс тапты.

Қазақстандағы дизель отынының бөлшек саудадағы бағасы литріне шамамен 0,50 долларды құрады, бұл ҚР МӨЗ-де мұнай өңдеудің ең төменгі тиімділігін көрсетеді және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етеді. 

Ұлттық валютаның қазіргі бағамын ескерсек, бұл шамамен литріне 210 теңге.

Жанармай бағасының қалыптасуына әсер ететін көптеген факторларды ескере отырып, қазақстандық нарықтағы дизель отынының бөлшек саудадағы бағасының өсуі бірінші кезекте акциз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты деген қорытынды жасауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу